ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

«Польша – Шығыс» ұйымында Қазақстан туралы кездесу өтті

 

Ү.ж. 7 ақпанда Қазақстанның Польшадағы Елшісі А. Волков Варшавада «Польша-Шығыс» ұйымының жиналысында еліміздің дамуындағы өзекті мәселелер мен Польшамен екіжақты ынтымақтастықтың дамуына сипаттама берген баяндама жасады.

Дипломат ұйымның мүшелерін жақында өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен, ү.ж. 27 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі қағидаларымен, екі мемлекет арасындағы іскерлік және мәдени байланыстардың қазіргі ахуалы мен келешегімен, Қазақстандағы поляк диаспорасының жағдайымен таныстырды. Қазақ пен поляк халықтарының арасында тамыры терең тарихи және рухани байланыстар қалыптасқан. Бизнес, ғылым, білім беру, мәдениет және туризм салаларында ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделестік бар. Елшінің айтуынша, оның жүзеге асуына тұрақты саяси байланыстар мен қос ел дипломаттарының тұрақты жұмысы да ықпалдасуы тиіс.

Сонымен қатар, А. Волков жиналған қауымға Жаңаөзен қаласындағы оқиғаға тергеу жұмыстарына қатысты ресми ақпаратпенен таныстырып, Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік саясаттың нығаюна, экономиканы әртараптандыру мен аймақтарды дамытуға жасалған басымдықтарға назар аудартты.

Поляк жағынан сөз алғандар Қоғам мүшелерінің Еуразияның аса маңызды мемлекеті болып саналатын Қазақстанның дамуы туралы мазмұнды ақпарат алуға зор қызығушылығын білдірді. «Польша-Шығыс» қоғамының төрағасы Ю. Брыль өзі халықаралық бақылаушы ретінде қатысқан парламенттік сайлаудан алған әсерімен  бөлісіп, оларды Қазақстан заңнамасымен толық сәйкес өткенін және елдегі саяси плюрализмнің өркендеу жолында алға басқан қадам ретінде бағалайтынын атап өтті. Төрағаның орынбасары З. Береза өз кезегінде Қоғам сарапшылары жасаған экономикалық шолудан Қазақстан экономикасының табысты дамып келе жатқанына назар аударып, оның қарқынын тек Қытай экономикасының өсімімен ғана салыстыруға келеді деген пікір айтты.

60 адам қатысқан кездесудің соңында Елші жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Олар Жаңаөзендегі оқиғаның себептері мен салдары, Қазақстанның ұлтаралық келісім үлгісі, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің нәтижелері, екі ел арасында туристік байланыстарды кеңейтуге қатысты болды.

«Польша-Шығыс» халықаралық ынтымақтастық қоғамы Польшаның шығыстағы көршілері мен еуразиялық кеңестіктегі елдермен байланыстарды нығайтуды көздейтін үкіметтік емес ұйым болып табылады.

 

Жарияланған күні: 2012-02-07

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС