Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
ҚР МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН ВЕДОМСТВОЛАРЫ ТАРАПЫНАН ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 11-ІІ Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастырудың сұраныстарын жою туралы Конвенциясына қосылды (1961 ж.10.05. Гаага қаласы). Аталған конвенция Қазақстан үшін 2001 жылы 30 қаңтарда күшіне енді.
Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ, аталған Конвенцияға қатысты мемлекеттердегі аккредитациядан өткен ҚР–дың дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық заңдастыруды жүзеге асыру сұраныстарынан босатылады. Ресми құжаттарға «апостиль» мөрі қою жолымен куәландырады. Қазіргі кезде Конвенцияға қатысушы ретінде 68 мемлекет кіреді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметі Қаулысына сәйкес құжаттарды апостилдеу ҚР өкілетті органдарына келесі мекемелер жатады:
1. ҚР Әділет министрлігі: әділет және басқа да мемлекеттік органдары, сондай-ақ нотариустардан шыққан ресми құжаттарға. 2. ҚР Білім және ғылым министрлігі: білім, ғылым және мемлекеттік оқу орындардан шыққан ресми құжаттарға. 3. ҚР Ішкі істер министрлігі: қоші-қон полициясының құрылымдық бөлімшелернен шыққан ресми құжаттарға. 4. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті: мемлекеттік мұрағаттардан шыққан мүрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне. 5. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет: тыңғылықты іс жүргізу сот органдардан шыққан ресми құжаттарға. 6. ҚР Қаржы министрлігі: ҚР Қаржы министрігінің құрылыстық және өлкелік бөлімшелерден шыққан ресми құжаттарға. 7. ҚР Бас прокуратурасы: прокуратура органдардан, тергеу және анықтама органдардан шыққан ресми құжаттарға. 8. ҚР Қорғаныс министрлігі: ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шыққан мұрағаттық анықтамаларға және мұрағат құжаттардың көшірмелеріне. 9. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитет: ҚР ҰҚК-ның арнайы мемлекеттік мұрағатынан шыққан мұрағаттық анықтамаларға және мұрағат құжаттардың көшірмелеріне.
Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды сұраныстарын жою туралы Конвенциясының мүшелердің тізімі: Андорра, Германия Федеративтік Республикасы, Оңтүстік Африка Республикасы, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Армения, Австралия, Австрия, Багам Аралдары, Барбадос, Бельгия Корольдігі, Белиз, Беларусь Республикасы, Босния және Герцеговина, Ботсвана, Бруней, Колумбия, Кипр, Хорватия, Сальвадор, Испания Корольдігі, АҚШ, Фиджи, Финляндия, Француз Республикасы, Грек Республикасы, Венгрия Республикасы, Ирландия, Израиль Мемлекеті, Италия Республикасы, Жапония, Қазақстан Республикасы, Лесото, Латыш Республикасы, Либерия, Лихтенштейн, Литва Республикасы, Люксембург, Малави, Мальта, Маврикий, Мексика, Намибия, Ниуе (Жаңа Зеландиямен ассоциациялынған автономиялық мемлекет), Норвегия, Панама, Португалия, Чех Республикасы, Румыния, Ресей Федерациясы, Нидерланд Корольдігі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама Корольдігі, Сан-Марино, Самоа, Сейшель Аралдары, Словения, Швеция, Швейцария Конфедерациясы, Суринам, Свазиленд, Тринидат және Тобаго, Тонга, Түркия Республикасы, Венесуэла, Маршаль Аралдары, Македонияның бұрынғы Югославия Республикасы, Сан-Кит-Неви.
Консулдық қызмет Департаментінің құрылымы
010000 Астана қаласы, Қабанбай-Батыр даңғылы 28, 3 кіреберіс
Консулдық-құқықтық мәселелер және көші-қон басқармасы
тел. (7172) 72 05 75
Азаматтық бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 05 58
Құжаттарды заңдастыру және талап ету бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 04 90, 72 05 58, 72 04 84
Паспорттық-визалық басқармасы
тел. (7172) 72 04 68, 72 04 72
Шетелдiктердiң кiру бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 04 70, 72 04 71
Төлқұжаттарды (паспорт) ресiмдеу бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 04 79
Тарифтар, жиындар және басқа төлемдер бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 01 19
* Виза қолдауға, паспорттарға, талап етуге және заңдастыруға қатысты құжаттарды алу сағат 10.00 – 12.30 дейін және ресімделген құжаттарды беру сағат 16.00 – 17.00 дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.