1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 наурыздағы N 229 "Қазақстан Республикасынан шет елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке бастық құжаттарын әкету, салып жiберу және талап ету тәртiбi туралы" қаулысының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрленген және Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi, консулдық мекемелерi мен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiн айқындайды.
2.Осы Ережелер азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн әдiлет, прокуратура, сот органдары, әлеуметтiк қамтамасыз ету және денсаулық сақтау туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi, сондай-ақ өзiнiѕ құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Мұраәаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет), Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест Қазақ қоғамы сияқты Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мекемелерiне соңдай-ақ тiкелей анықтама жүргiзу мен құжаттар талап ету тәртiбiн жүзеге асыра алатын тұлғаларға қатысты емес және оны өзгертпейдi.
3.Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкілдіктерiнен, консулдық мекемелерiнен келiп түсiп жататын сұрау салуларды, Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету және Қазақстан Республикасында анықтама жүргiзудi орындау Консулдық қызмет департаментi арқылы:
1) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi талап ету бойынша - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларының АХАТ бөлiмдерi, сондай-ақ Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет;
2) Әлеуметтiк-құқықтық сипаттасы (еңбек стаждары, жалақылары, зейнетақылары, бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерi, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттаулары, негiзсiз қуәын-сүргiнге ұшырау фактiлерi, азаматтардың және олардың мүлiктерiнiң тәркiленуi, әскери қызметi, еңбек армиясына қатысқаны туралы) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және арнайы мемлекеттiк мұрағаттарында, ақпарат пен құқықтық статистика орталықтарында жатқан құжаттар бойынша мәлiметтер талап етудi Мәдениет, ақпарат және келiсiм министрлiгiнің Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика мен ақпарат орталығы (Департаментi);
3) Ұйымдарда ведомстволық сақтауда жатқан құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi талап ету бойынша - тиiстi мемлекеттiк органдар мен олардың жүйесiндегi мекемелер;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң құзыретiне кiретiн құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;
5) Бiлiмi туралы құжаттарды, сондай-ақ жоғары бiлiм деңгейiн растайтын құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi;
6) Саяси оқиғалардың, әскери қимылдардың немесе табиғат апаттарының салдарынан олармен байланыс үзiлген, оның iшiнде бұрынғы әскери тұтқындар мен еркiнен айырылғандар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың жақын туыстарын iздестiру бойынша, сондай-ақ бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы аумағында және одан тыс жерлерде әскери iс-қимыл кезеңдерiнде жерленген жауынгерлер мен азаматтық тұлғалар қабiрлерiнiң сақталғандығы туралы анықтама жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест қазақ қоғамы;
7) Емделуде болғаны, кәсiби аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәлiметтердi талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет жүзеге асырады.
Мәлiметтер (мұрағаттық анықтамалар) азаматтарға олардың өздерi туралы және олардың асырауындағы немесе олардың қамқорлығындағы адамдар туралы берiлуi мүмкiн.
4. Әскери билеттер және қызметтiк жеке куәлiктердің түпнұсқалары мен көшiрмелерi шет елдерге жiберу, немесе әкету талап етуге жатпайды.
Шет елге тұрақты тұруға кетер кезде аталған құжаттар соңғы жұмыс орны (қызметi) бойынша тиiстi мекемелер мен ұйымдарға, кететiн азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алатын мекемелерге өткiзедi.
5. Құжаттарды талап ету туралы өтiнiштi беру кезiнде белгiленген тәртiпте талап етiлген консулдық алым төленедi.
Консулдық алым талап ету нәтижелерiне қатыссыз өндiрiлiп алынады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелiк билеттерiн талап ету тәртiбiн осы бiрлестiктер белгiлейдi.
2. Шет елдерден құжаттарды талап ету тәртiбi
7. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдары, Қазақстан Республикасының азаматтарының, шет елдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды өтiнiшiн беру жолымен, егер ол осы Ережелердiң 2 тармағының қолданысына жатпайтын болса, шет елдерден Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап етедi.
8. Шет елдерден қўжаттарды талап ету туралы өтiнiштердi ресiмдеу кезiнде мүдделi тұлғалар, мекемелер мен ұйымдар әр құжатқа белгiленген үлгiдегi сауалнамаларды 3 дана бойынша (Қосымша) Сыртқы iстер министрлiгiне ұсынады.
9. Сыртқы iстер министрлiгi мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде толтырылған сауалнаманың екi данадағы қосымшасымен құжаттарды талап ету туралы сұрауды Қазақстан Республикасының шет елдердегi тиiстi дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерiне жiбередi. Сауалнамаға талап етiлетiн құжаттар туралы қосымша мәлiметтер мазмұндалған барлық материалдар қоса берiледi. Yшiншi данасы Сыртқы iстер министрлiгiнде бақылауда қалады.
10. Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi, егер ол қажет болған жағдайда құжаттарды талап ету және оларды ресмилендiру мәселелерi бойынша болу елдерiнiң тиiстi органдарына сұрау салады және Сыртқы iстер министрлiгiнiң сұрауларын жеделдетiп орындауға барлық қажеттi шаралар қабылдайды.
11. Болу елдерiнiң органдарынан алынған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте заңдастырылады. Олардың сұрауларына терiс жауап алған жағдайда Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi бұл туралы Сыртқы iстер министрлiгiн хабардар етедi.
12. Сыртқы iстер министрлiгi шет елдерде орналасқан Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнен алынған құжаттарды арыз берушiлерге жiбередi немесе егер құжаттар сол елдiң органдарынан алынбаған болса, оларға терiс жауаптарды хабарлайды.
13. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатпаған және оның мүдделерi басқа мемлекеттер арқылы көрсетiлмеген елдерде құжаттарды талап ету iргелес жатқан мемлекеттердiң бiрiнде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы жүзеге асырылады.