ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
РЕСЕЙГЕ САПАР ШЕГЕТІН ҚР АЗАМАТТАРЫНА



            Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша 2003 жылдың 10 ақпанынан бастап «Ресей Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 2002 жылғы 31 шілдедегі № 115-Ф3 Федералдық заңның 30-бабына сәйкес, сондай-ақ, 2003 жылғы 10 қаңтардағы редакциясындағы «Ресей Федерациясынан кету және Ресей Федерациясына келу тәртібі туралы» Федералдық заңның 25.9-бабына сәйкес, шетел азаматтары (соның ішінде визасыз режим бойынша келетіндер) және азаматтығы жоқ тұлғалар Ресей Федерациясына келу кезінде көші-қон карточкасын алып, толтыруға міндетті.

            Ресейге келетін Қазақстан Республикасының азаматтары да көші-қон бақылауының карточкасын толтыруға міндетті.

            Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, 2002 жылдың 30 қазанынан бастап Ресей Федерациясының «Ресей Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Федералдық заңы күшіне енетінін хабарлайды.

            Заң, Ресей Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын белгілейді, сондай-ақ, шетел азаматтарының Ресей Федерациясында болуына (тұруына) және олардың еңбек, кәсіпкерлік және өзге де қызметтерді жүзеге асыруларына байланысты пайда болатын шетел азаматтары мен мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, көрсетілген органдардың лауазымды тұлғаларының арасындағы қатынастарды реттейді.

            Жаңа заңға сәйкес, шетел азаматтары Ресейге келген күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде тіркелулері тиіс. Бұл рәсім Ресей Федерациясында уақытша болатын және тұратын (уақытша және тұрақты) шетел азаматтарын орталық деректер банкінде тіркеу үшін қажет.

            Шетел азаматтарының болуларын бақылау сондай-ақ, «көші-қон карточкалары» арқылы жүзеге асырылатын болады. Көші-қон карточкасы РФ-ға кірер кезде толтырылады, ол шетелдіктің жеке басын анықтайтын құжаттарымен бірге, РФ Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде шекаралық бақылау органының лауазымды тұлғасына ұсынылады. Бұл ретте, шекаралық бақылау органының лауазымды тұлғасы көші-қон карточкасына РФ-ға/дан келуі және кетуі туралы белгі қояды.

Визаны алуды талап етпейтін тәртіппен осы Федералдық заң күшіне енгенге дейін, Ресей Федерациясына келген шетел азаматтары осы Федералды заң күшіне енген күнінен бастап алпыс тәулік ішінде келген жерлері бойынша ішкі істер мәселелерімен айналысатын атқару билігінің аумақтық федералдық органына көші-қон картасын алу туралы өтініш білдіруге міндетті. Көші-қон карточкасын алған шетел азаматының Ресей Федерациясында уақытша болу мерзімі, көші-қон карточкасын алған күннен бастап 90 тәуліктен аспауы тиіс.

            Шетел азаматтарының бұдан әрі болу мәселелері «Ресей Федерациясында шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» РФ Федералдық заңымен реттеледі.

Еуразиялық Экономикалық қоғамдастық елдері арасындағы, және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы мемлекеттік шекараларды кесіп өту құқығын беретін құжаттар туралы

2005 жылғы 24 наурызда Астана қаласында Еуразиялық Экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің мәжілісінде (ЕурАзЭқ) Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы Келісімге Хаттамаға қол қойылды.

            Аталған Хаттамаға сәйкес, ЕурАзЭқ-а мүше мемлекеттер арасында визасыз режимнің сақталауымен, 2005 жылдың 24 мамырынан бастап Қоғамдастықтың аумағында ЕурАзЭқ-тың қатысушы мемлекеттері азаматтарының жүріп-тұрулары үшін бірыңғай құжаттар тізбесі енгізілді. Бұл тізбеге келесі құжаттар енгізілді: ұлттық, дипломаттық, қызметтік паспорттар, моряктың паспорты және елге қайту куәлігі (азаматтығы еліне).

2005 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы» № 494 қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің 2005 жылғы 17 мамырдағы бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, 2005 жылдың 24 мамырынан кейін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының қазақстан-ресейлік мемлекеттік шекарасы арқылы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы Келісімге 2005 жылы 24 наурызда Астанада қойылған Хаттамада көзделген құжаттар бойынша визасыз сапарларының режимін уақытша қолданылуы, сондай-ақ жеке куәліктер (ішкі паспорттар) және балалардың туу туралы куәліктері бойынша (Қазақстан Республикасының 16 жасқа толмаған азаматтары, Ресей Федерациясының 14 жасқа толмаған азаматтары үшін) қамтамасыз етілді.

Үкіметтің аталған қаулысы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

«ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы Келісім» бойынша ақпарат

 

(Аталған келісім қол қойылған күнен бастап уақытша қолданылады және тараптар оның күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындаған сәттен бастап күшіне енеді)

 

            Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дамытуда көптеген жұмыстар атқаруда. Соның ішінде маңызды және ауқымдысы ол 2006 жылы 3 қазанда Орал қаласында мемлекет басшылары Н.Ә.Назарбаев және В.В.Путин қатысқан ҚР және РФ шекара маңы аудандары басшыларының форумында қол қойылған, Ресей Федерациясының Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісім. Бұл келісім Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан тарихи тату көршілік қатнастарды және екі мемлекеттің шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының арасындағы туыстық, шаруашылық, мәдени және басқа да дәстүрлі байланыстарды сақтау мен одан әрі дамыту жолында жасалған тағы бір қадам.

Бұл Келісімнің ерекшелігі ҚР және РФ шекара маңындағы аумақтарында тұратын тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей қатыстығылығында. Келісімнің басты мақсаты - шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін жеңілдету болып табылады. Мысалы, Келісімде көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша шекара маңы аумағында тұратын Қазақстан азаматтары осы Келісімде белгіленген шекараны кесіп өту орындары арқылы үш тәулікке дейінгі мерзімде тәуліктің кез келген уақытында автокөліктермен, мотоциклдермен және мопедтермен Ресей Федерациясының шекарасын тіркеусіз кесіп өте алады. Сонымен қатар, шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары жеке басының немесе отбасының, сондай-ақ үй шаруашылығы және кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғана емес, өзге де қажеттіліктеріне арналған тауарларды екі мемлекеттің заңнамасында көзделген тауарларды әкелу (әкету) нормаларынан аспайтын мөлшерде кеден баждары мен салықтарды төлеместен шекара арқылы өткізе алады. Келісім бойынша осындай 104 шекараны кесіп өту орындары бар. Олар Қазақстан жағынан 7 облыста және Ресей Федерациясы тарапынан 10 субъектте белгіленген.

Сонымен қатар, Келісімде шекараны кесіп өту үшін жарамды құжаттар белгіленген. Олар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты және шекара аумағындағы елді мекенде тұратындығын куәландыратын әділет органдары немесе шекара маңы округтарының ауыл әкімдері растаған азаматтарды тіркеу кітабынан (тұрғындарды есепке алу кітабы) көшірме. Кәмелеттік жасқа толмаған (16 жасқа дейінгі балалар) ҚР азаматтары үшін, туу туралы куәлігі және кәмелетке толмаған балалар ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз шекараны кесіп өту үшін аталған өкілдердің немесе ата-анасының нотариалды түрде ресімделген келісімі.

            Осыған қоса, Келісімде мемлекеттердің шекаралық өкілдері шекара маңындағы аумақтарында әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін немесе шекараны кесіп өту ережесін бұзғаны үшін ұсталған тұрғындарды қабылдап алуды (тапсыруды) ұйымдастыру шараларын жасайтыны көрсетілген. Ал құқық бұзу дәлелдемелерін жинау мен ресімдеу құқық бұзушылық жасалған мемлекеттің заңнамасына сәйкес атқарылады. Сонымен қатар, азаматтардың шекарадан өту кезінде кедендік заңнама талаптарын бұзғаны анықталған жағдайда, мемлекеттердің шекаралық биліктері мұндай фактілер туралы ақпаратты бір-біріне жедел түрде хабарлайды. Бұл ретте, құқық бұзушылықты жасаған адам құқық бұзушылық жасалған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

            Келісімнің 11-бабына сәйкес, Келісім 5 жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың осы Келісімнің қолданысын тоқтатуға ниеті болмаса әр жолы келесі 5 жылдық кезеңге ұзартылады.

 

 

Консулдық қызмет Департаментінің құрылымы

 

010000 Астана қаласы, Қабанбай-Батыр даңғылы 28, 3 кіреберіс

Факс: (7172) 72 04 60

e-mail: dks-astana@mfa.kz

 

Директордың қабылдау бөлмесі

тел. (7172) 72 01 64

 

Анықтама телефоны

(анықтамалар мен негізгі консулдық мәселелер)

тел. (7172) 72 04 69, 72 01 13

 

Азия, Африка және Таяу Шығыс басқармасы

тел. (7172) 72 04 93, 72 04 86, 72 04 37

 

Еуропа және Америка  басқармасы

тел. (7172) 72 07 60, 72 01 18, 72 01 12

 

ТМД басқармасы

тел. (7172) 72 01 91, 72 01 74

 

Консулдық-құқықтық мәселелер және көші-қон басқармасы

тел. (7172) 72 05 75

 

Азаматтық бойынша сұрақтар

тел. (7172) 72 05 58

 

Құжаттарды заңдастыру және талап ету бойынша сұрақтар

тел. (7172) 72 04 90, 72 05 58, 72 04 84

 

Паспорттық-визалық басқармасы

тел. (7172) 72 04 68, 72 04 72

 

Шетелдiктердiң кiру бойынша сұрақтар

тел. (7172) 72 04 70, 72 04 71

 

Төлқұжаттарды (паспорт) ресiмдеу бойынша сұрақтар

тел. (7172) 72 04 79

 

Тарифтар, жиындар және басқа төлемдер бойынша сұрақтар

тел. (7172) 72 01 19

 

* Виза қолдауға, паспорттарға, талап етуге және заңдастыруға қатысты құжаттарды алу сағат 10.00 – 12.30 дейін және ресімделген құжаттарды беру сағат 16.00 – 17.00 дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС