Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВИЗАЛАРДЫ АЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының визаларын беру
ережелері
1. Жалпы ережелер
Осы Ережелер «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету тәртібінің 10-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасына кіретін, Қазақстан Республикасынан шығатын, Қазақстан Республикасында болатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін шетелдіктерге виза беру тәртібін белгілейді.
Осы Ережелер қағидалары азаматтығы жоқ тұлғаларға да қатысты болып табылады.
Визаларды беруді:
1) шетелде – Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – ҚР шетелдердегі мекемелері);
2) Қазақстан Республикасының аумағында:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – ҚР СІМ);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініѕ Јкімшілік полициясы комитетініѕ кґші-ќон полициясы басќармасы жјне Астана, Алматы ќалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ҚР ІІМ) жүргізеді.
Визалардың ұзартылуын ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының визаларын (бұдан әрі – ҚР визалары) беруге төмендегі құжаттар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың осы Ережелердің 1-ші қосымшасына сәйкес жазбаша өтініштері;
2) Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен және тұрақты тұруға келген, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге арналған ішкі істер органдарының рұқсаты;
3) Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру үшін ҚР СІМ-не ұсынылған жазбаша өтініштері;
4) Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін уәкілетті органның (бұдан әрі – АӨҚО) Қазақстан Республикасының аумағына қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдіктерге виза беруге байланысты қолдаухаты.
2. Визаның мәртелігі
ҚР визалары бір мәртелік, екі мәртелік, үш мәртелік және көп мәртелік болуы мүмкін.
Визаның қолдану мерзімінің шегінде бір мјртелік визалар шетелдікке Қазақстан Республикасына бір мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді, екі, үш және көп мәртелік визалар тиісінше шетелдікке Қазақстан Республикасына екі, үш және көп мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.
3. Виза санаттары
9.Визалар санаттары бойынша төмендегідей бөлінеді:
1) дипломаттық (ДВ);
2) қызметтік (ҚВ);
3) инвесторлық (ИНВ);
4) іскерлік (ІСВ);
5) жеке (ЖСВ);
6) туристік (ТСВ);
7) миссионерлік (МИВ);
8) оқуға (ОУВ);
9) емделуге (ЕАВ);
10) жұмысқа (ЖЕВ);
11) тұрақты тұруға (ТТВ);
12) шығу визасы (ШЖВ);
13) транзиттік (ТВ).
4. Дипломаттық виза(ДВ)
Дипломаттық визалар:
1)Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан Республикасында тіркелгеншетел дипломаттық өкілдіктерінің дипломаттық агенттеріне және консулдық мекемелердің консулдықлауазымды тұлғаларына және олардың отбасыларының мүшелеріне;
2) Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін, дипломаттық паспорттардың иелеріне;
3) Дипломаттық агенттің мәртебесіне теңестірілген халықаралық ұйымдардың паспорттарының иелеріне;
4) Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне;
5) шетел мемлекеттерінің, үкіметтерінің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне;
6) дипломаттық паспорттарының иелері - шет мемлекеттері парламентінің, үкіметінің мүшелеріне және олардың отбасының мүшелеріне, сонымен қатар дипломаттық паспорттардың иелері – шетел ресми делегациясының мүшелеріне және олармен бірге жүретінадамдарға;
7) курьерлік парағы бар болған жағдайда, дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық паспорттардың иелері – дипломаттық курьерлерге;
8) Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне;
9) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттерінің құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
1) дипломаттық паспорттарын көрсеткен, бірақ Қазақстан Республикасында дипломаттық сапасы танылмайтын тұлғаларға;
2) дипломаттық поштаны тасымалдаушы адамның дипломаттық паспорты жоқ болған жағдайда.
Дипломаттық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
5. Қызметтік виза (ҚВ)
Қызметтік визалар:
1) Дипломаттық агент мәртебесіне теңестірілмеген халықаралық ұйымдар паспорттарының иелеріне және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорт иелеріне;
2) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген қызметтік паспорт иелеріне;
3) ресми шетел делегацияларының мүшелеріне және олармен біргежүретін адамдарға;
4) Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер дипломаттық өкілдіктерінің әкімшілік - техникалық және қызмет көрсетуші персоналына, консулдық қызметшілерге, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналына және олардың отбасы мүшелеріне;
5) дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық курьерлерге, егердипломаттық паспорты жоқ және курьерлік парағы болған жағдайда;
6) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есепті органдардың, Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының шақыруымен келетін тұлғаларға;
7) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;
8) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруыменҚазақстан Республикасына іссапарға жіберілген тұлғаларға;
9) Қазақстан Республикасында тіркелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.
Қызметтік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
6. Инвесторлық визалар (ИНВ)
Инвесторлықвизалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буындарының басшылары мен өкілдеріне, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың отбасының мүшелеріне беріледі.
Бір мәртелік инвесторлық визалар шетелдіктерге ҚР СІМ басшылығының нұсқауы бойынша, не болмаса ҚР шетелдегі мекемелері басшыларының келісімі бойынша шетелдік заңды тұлғалардың немесе Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің қолдаухаты болған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының аумағына кіруге шектеу жоқтыєы алдын ала тексеріліп, шақыру қағазсыз, өтініш білдірілген күні беріледі, кейін виза берілген фактісіҚР СІМ-ге хабардар етіледі.
АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттары бойынша АӨҚО қатысушыларына 30тәулік мерзімге дейін бір мәртелік инвесторлық визаларды өтініш жасаған күні беруге болады.
Көп мәртелік инвесторлық визалар АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаты және ҚР СІМ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-мен келісілген паспорттық деректері бар АӨҚО-ға қатысушылардың (дилерлер, брокерлер және эмитенттер) тізімдері негізінде, АӨҚО қатысушыларына, АӨҚО әкімшілігі жанындағы халықаралық кеңес мүшелеріне, сонымен қатар олардың отбасының мүшелеріне беріледі. АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттарының ұлттық қауіпсіздік органдарында келісілуі 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Көп мәртелік инвесторлық визалар беру барысында ҚР СІМ - нің келісімі талап етіледі.
Инвесторлық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
7. Іскерлік виза (ІСВ)
Іскерлік визалары Қазақстан Республикасына келесі іскерлік мақсаттармен келетін шетелдіктерге:
1) іссапар;
2) келіссөздер жүргізу, келісім-шарттар жасасу, консультациялық және аудиторлық қызметтер көрсету;
3) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;
4) мектеп оқушылары, студенттер және жастар арасындағы алмасубағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқудан басқа;
5) халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру;
6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААЎ) куәлігі жоқ кезекті және чартерлік рейстер ұшақтарының экипаждары мүшелеріне, сондай-ақ поез бригадаларына және кемелер экипаждарының мүшелеріне;
7) гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге;
8) жоғарғы оғу орындарында қысқа мерзімді дәріс оқу, сабақ жүргізу;
9) жабдықтарды жинақтау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
10) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына беріледі.
Іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды беруге төмендегілер негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы;
2) 2 қосымшада көрсетілген елдер азаматтарының ҚР шетелдердегі мекемелеріне білдірген жазбаша өтініші, сондай-ақ ұлты қазақ шетелдіктер (ұлтын растайтын құжаттары болған жағдайда) шақыру қағазсыз және ҚР СІМ - нің нұсқауысыз.
Іскерлік визалар бір, екі, үш және көп мјрте келуге және шығуға беріледі.
8. Жеке виза (ЖСВ)
Жеке визалар Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келетін шетелдіктерге төмендегі құжаттардың біреуінің негізінде беріледі:
1) ҚР ІІМ берген шақыру қағазы;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардыңшақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесуге келетін шетел азаматтары үшін ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;
4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды ұл (қыз) етіп асырап алғысы келетін және асырап алуға кандидат ретінде консулдық есепте тұрған шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі –ҚР БҒМ), Қазақстан Республикасы облыстарының және Астана мен Алматы қалаларыныңбілімбасқармаларының шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;
5) Қазақстан Республикасына туыстары мен жақындарын жерлеуге немесе олардың ауыр науқастанулары себебімен келетін шетелдіктердіңрастайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініштері;
6) Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары қоса берілген (ұлттық паспорттағы Қазақстан Республикасында тұрєандығы туралы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаты, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтамасы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы анықтамасы) шетелдіктердің жазбаша өтініштері;
7) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттарды немесе тұруға ықтиярхатты алуға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттарыболғанжағдайда) жазбаша өтініштері;
8) 2 қосымшасында көрсетілген елдер азаматтарының жазбаша өтініштері;
9) шетел азаматтары болып табылатын жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР СІМ-мен келісілген жазбаша өтініштері.
Жеке визалар бір, екі және үш мәрте келуге және шығуға беріледі.
9. Туристік виза (ТСВ)
Туристік виза Қазақстан Республикасына турист ретінде келетін шетелдіктерге беріледі.
Туристік виза туроператорлық, турагенттік қызметті жүзеге асыру, туризм инструкторы қызметін көрсету құқығына лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік мекемесінің шетелдікті қабылдауын растауы және ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болғанжағдайда беріледі.
2-ші Қосымшасында көрсетілген елдердіңазаматтарына және ұлты қазақ шетелдіктерге (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жазбаша өтініштері немесе шетел туристік мекемелерінің өтініштері негізінде бір және екі мәртелік туристік визалар беріледі.
Туристік визалар бір, екі және үш мәрте келуге және кетуге беріледі.
10. Миссионерлік виза (МИВ)
Миссионерлік виза Қазақстан Республикасына діни-ағартушылық қызмет атқаруға келетін шетелдіктерге беріледі.
Миссионерлік визалар Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген діни қоғамның діни қоғамдармен байланыс жөніндегі уәкілетті органмен келісілгеншақыруы негізінде беріледі.
Миссионерлік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.
11. Оқуға арналған виза (ОУВ)
Оқуға арналған визалар:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініші негізінде ресімделген, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және орта оқу орындарына түсу үшіннемесе осы оқу орындарында оқу үшін келген;
2) Ќазақстан Республикасына іс-тәжірибеден, тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген шет мемлекеттердің заңды тұлғаларының, дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, ҚР-да тіркелген халықаралық ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде келген;
3) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініштері негізінде – Қазақстан Республикасына уақытша келіп, оқу орындарына түскен ұлты қазақ (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) шетелдіктерге беріледі.
Оқуға (ОУВ) санатындағы визалар бір, екі және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.
12. Емделуге арналған виза (ЕАВ)
Емделуге арналған визалар:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген медициналық мекемелердің немесе ҚР денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДМ) жазбаша өтініштері негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделу, медициналық тексерілу және консультациялар үшін келетін шетелдіктерге;
2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге тұрақты емделу қажет болған жағдайда – жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде, медициналық мекемелер берген осы емделудің қажеттігін растайтын құжаттары болған жағдайда;
3) Қазақстанға емделуге келген тұлғалармен бірге жүретін шетелдіктерге – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің немесеҚР ДМ-нің жазбаша өтініштері негізінде беріледі.
Емделуге арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге беріледі.
13. Жұмысқа арналған виза (ЖЕВ)
Жұмысқа арналған визалар:
1)Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктерге – ҚР СІМ-нің визалық қолдауы негізінде, шетелдік жұмыс көшін тартуға рұқсаты мен ҚР-датіркелген заңды тұлғалардыңжазбаша өтінішіболған жағдайда;
2)Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктергеоларданҚазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істеуге арналған рұқсаттарды алу талап етілмейтін жағдайда – Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде;
3) Қазақстанға жұмысқа бара жатқан тұлғалардың асырауындағы жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне, визадағы «жұмысқа құқығы жоқ» деген жазуды көрсете отырып – Қазақстан Республикасыныңәділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері, аталған тұлғалармен туысқандығын растайтын құжаттары, сондай-ақ Қазақстанға жұмысқа бара жатқан тұлғалардың жұмысқа арналған визасының көшірмесі негізінде беріледі.
Жұмысқа арналған визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.
14. Тұрақты тұруға арналған виза (ТТВ)
Тұрақты тұруға арналған визалар:
1) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін шетелдіктерге –ҚР ҰҚК және уәкілетті органдармен келісілген ҚР СІМ-ніңвизалық қолдауы болған жағдайда, жеке жазбаша өтініштері негізінде;
2) Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келіп, ҚР-да тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш берген шетелдіктерге – 2 қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарының және ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жеке жазбаша өтініштері негізінде;
3) Қазақстан Республикасында саяси баспана немесебосқын мәртебесін беру туралы қолдаухатпен өтініш білдірген шетелдіктерге беріледі.
Тұрақты тұруға арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге беріледі.
15. Шығу визасы (ШЖВ)
Шығу визалары:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге – ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде;
2) Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда – шет мемлекеттердің дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің жазбаша өтініштері және тұрақты тұратын мемлекетке қайту туралы куәлігі негізінде;
3) заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда – шетелдікті шығару туралы соттың шешімі негізінде беріледі.
Осы санаттағы визалар тек кетуге ғана беріледі.
16. Транзиттік виза (ТВ)
Транзиттік визалар өшінші елге кіруге құқық беретін жол жүру құжаттары, ресімделген визасы немесе өзге де жарамды құжаттары бар, визасыз Қазақстан Республикасы аумағында транзитке құқығы жоқ шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтулері үшін беріледі.
Қазақстан Республикасы аумағынан шектес мемлекетке жеке автокөлігімен өтетін шетелдіктергежоғарыдағы көрсетілген құжаттар, жүргізуші куәлігі және автокөлікке тиісті құжаттары болған жағдайда беріледі.
Транзиттік визалар бір, екі және үш мәрте келуге және кетуге береді.
17. ҚР визаларын алмастыратын құжаттар
ҚР визаларын алмастыратын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің қызметкерлеріне, шетелдік консулдық мекемелердің жұмысшыларына, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген тіркеу куәліктері;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге ҚР ІІМберген тұруға ықтиярхат;
3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі;
4) Паспортында немесе ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге руқсат беретін басқа да құжаттарында шығарып жіберу туралы мөртабан болған жағдайда шетелдікті шығару жөніндегі соттың қаулысыболып табылады.
18. Визалардың болу мақсатына сәйкестігі
Визаларды беру негіздемесі шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мақсаттарымен сәйкес келуге тиіс.
19. Визалардың қолданыс мерзімі
Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда, сондай-ақ заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда берілетін шығу визасын қоспағанда барлық санаттағы бір, екі, үш мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына бір мәртелік дипломаттық (ДВ), қызметтік (ҚВ), іскерлік (ІСВ), жеке (ЖСВ) туристік (ТСВ) визалар 30 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
Шетелдіктің «жеке» санатындағы визасы бойынша ҚР аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 90 тәуліктен аспауы керек.
2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына екі мәртелік туристік визалар (ТСВ) 60 тәулік мерзімге дейін беріледі.
Туристік санатындағы (ТСВ) бір, екі, үш мәртелік визалар ҚР аумағында бір жыл ішінде әр келген сайын 30 тәуліктен аспайтын мерзімгекелу құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
«Тұрақты тұруға арналған» (ТТВ) бір және екі мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
Бір, екі және үш мәртелік «транзиттік» (ТВ) санатындағы визаларәр жолы 5 тәулік ішінде бір бағытта транзитпен өту жағдайында 90 тәулікке дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасында болу құқығымен беріледі.
«Дипломаттық» (ДВ), «қызметтік» (ҚВ), «инвесторлық» (ИНВ), «іскерлік» (ІСВ) санатындағы көп мәртелік визалар 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Халықаралық өзаралық қағидасы ескеріліп, аталған санаттағы визаларды ұзағырақ мерзімге беруге де болады.
Қазақстан Республикасына іссапармен келетін және болуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдаєы № 836 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі» бойынша реттелетін тұлғаларды қоспағанда,шетелдіктің «іскерлік» санатындағы көп мәртелік визасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 120 тәуліктен аспауы қажет.
«Миссионерлік» (МИВ) санатындағы көп мәртелік визалар 180 тәулік дейінгі мерзімге беріледі.
«Оқуға арналған» (ОУВ) санатындағы көп мәртелік визалар 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
«Жұмысқа арналған» (ЖЕВ) санатындағы көп мәртелік визалар шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген, бірақ 3 жылдан аспайтынмерзімге беріледі.
Шығу (ШЖВ) визалары:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге – 90 тәулікке дейінгімерзімге беріледі;
2) Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған шетелдіктерге – 30 тәулікке дейінгі, бірақтұрақты тұратын мемлекетке қайтару туралы куәлігінде көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімге;
3) заңнамаєа сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған шетелдіктерге – шығу үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге немесе Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы соттың қаулысында көрсетілген мерзімге беріледі.
20. Топтық визалар
Топтық визалар шетел азаматтары топтарының Қазақстан Республикасына ұйымдасып кiрулерi, Қазақстан Республикасынан шығулары немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi кезiнде, мақсатқа сай және орынды немесе жеке визаларды ресiмдеу үшiн қиындықтар болғанда ресiмделедi.
Мұндай визаларды беру үшiн барлық топ мүшелерiнiң Қазақстан Республикасына кiруi және Қазақстан Республикасынан шығуы кезiнде шекарадағы бақылау-өткiзу пунктiне ( бұдан әрі - БҐП) бiр уақытта келуi және өтуi, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүрiп-тұруы мен қандай да бiр пункте топ құрамында болуы мiндетті шарттар болып табылады.
Топтық визаларды ҚР СІМ, ҚР-дың шетелдегi мекемелерi, егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзге тәртiп көзделмесе, құзырлы органдармен келiсiлген ҚР СІМ-нiң визалық қолдауы бойынша бередi.
21. Визаларды алу кезіндеұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар
ҚР визалары шетелдіктерге паспорттарды немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа даҚазақстан Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдарберген құжаттарды көрсеткен кезде, егер оныңтүпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмейтін болса беріледі.
Визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан6 айдан кем емесмерзімге дейін аяқталуы қажет.
Паспортта немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқақұжаттарында ескертілмеген тазартулар мен түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және парақтары сөгілгендігі табылған жағдайда, осындай құжаттардың иелеріне ҚР визалары берілмейді. ҚР-ның шетелдегі мекемелері, ҚР ІІМ құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы себебі бойынша виза беруден бас тартқан жағдайда, міндетті түрде ҚР СІМ-ді хабардар етулері қажет.
22. Визаларды беру тәртібі
ҚР-дың шетелдердегі мекемелері осы Ережелерде қарастырылған негіздер болған жағдайда, шығу (ШЖВ) санатындағы визалардан басқабарлық санаттағы бастапқы визаларды береді.
Дипломаттық (ДВ) және қызметтік (ҚВ) санаттарындағы бір мәртелік ҚР визаларын 2-ші қосымшасында көрсетілген елдердіңазаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптардысақтай отырып, заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беруге болады.
Іскерлік (ІСВ) және жеке (ЖСВ) санаттарындағы бір мәртелік визаларын ҚР 2-ші қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарынашақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптардысақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беруге болады.
«Туристік» санатындағы бір және екі мәртелік ҚР визалары 2-қосымшада көрсетілген елдердің азаматтарынашақыруқағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойыншаберіледі.
Қазақстан Республикасы аумағында:
1) ҚР СІМ – ҚР-дың шығу (ШЖВ) визаларынан басқа, барлық санаттағы бастапқы визаларын;
2) ҚР ІІМ – емделуге (ЕАВ) – Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге тұрақты емделу қажет болған жағдайда және Қазақстанға емделуге келген тқлғалармен бірге жүретін шетелдіктерге, тұрақты тұруға (ТТВ) – Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келіп, ҚР-да тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш берген шетелдіктергеҚР-дың визаларын, сондай-ақ шығу(ШЖВ) визаларын береді.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағаны кіруіне кедергі жасайтын негіздер болған жағдайда, соның ішінде визалық қолдауы бар болса, ҚР визалары берілмейді, сондай-ақ ресімделген ҚР визасы Қазақстан Республикасына кіруге негіз болып табылмайды.
Визаларды беру, егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге ережелер белгіленбесе, мемлекеттік баж және консулдық алымдарсомалары төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
ҚР СІМ-нің визалық қолдауы бойынша берілген, бірақпайдаланылмаған визаның орнына қайталама виза беруге ҚР СІМ-нің қосымша келісімі қажет. ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінің сұратуында визаны пайдаланбау себебі көрсетілуі тиіс.
23. Визаны ұзарту тәртібі
ҚР СІМкелесі санаттардағы визаларды:
1) Дипломаттық (ДВ) және қызметтік (ҚВ) санаттардағы визаларды ҚР аумағынаҚазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ҚР-да тіркелген шетелдік дипломаттық өкілдктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен келген шетелдіктерге аталған ұйымдардың хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталары негізінде;
2) инвесторлық (ИНВ) санаттағы визаларды -Қазақстан Республикасы Индустрияжәне сауда министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеттінің хаты негізінде;
3)іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасыныңаумағына келген шетелдіктерге хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталарының негізінде ұзартып береді.
ҚР ІІМ келесі санаттағы визаларды ұзартады:
1) оқуға арналған (ОУВ) санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 1 жылға дейінгі мерзімге немесеоқу тәжірибесі немесе тағылымдама өту үшін қажетті мерзімге,бірақ та бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;
2) емделуге арналған (ЕАВ) санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мекеменің жазбаша өтініштері негізінде ұзартады.Визаның мерзімін ұзартылуы емделуге қажетті, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;
3) жұмысқа арналған (ЖЕВ) санаттағы визаны-бастапқы визаны ресімдеу үшін құжат тапсырған заңды тұлғаның жазбаша өтініші және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген мерзімге жүзеге асырылады.
4) тұрақты тұруға арналған (ТТВ) визаны – шетелдіктің жеке жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 60 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
Іскерлік (ІСВ) (Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердіқ, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасыныңаумағына келген шетелдіктерге шетелдіктен басқа), жеке (ЖСВ), туристік (ТСВ), миссионерлік (МИВ), транзиттік (ТВ) санаттардағы визалардың мерзімі ұзартылмайды.
Емделуге арналған (ЕАВ), тұрақты тұруға арналған санаттардағы визалардың мерзімі бір мәрте ғана ұзартылады.
Оқуға арналған (ОУВ), емделуге арналған (ЕАВ), жұмысқа арналған (ЖЕВ) санаттардағы визалардың мерзімін ұзарту ҚР ҰҚК-мен келісіледі.
Визаның мерзімін ұзарту үшін бұрын бастапқы визаны алу үшін шақыруды ресімдеген заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелгеншет мемлекеттердің дипломатиялықөкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар ғана өтініш бере алады. Өзге заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралмайды.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге тәртіп белгіленбеген болса, виза ресімдегені, соның ішінде оның қолданыс мерзімін ұзарту және қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым және мемлекеттік баж алынады.
ҚР СІМ, ҚР-дың шетелдердегі мекемелері немесе ҚР ІІМ берген визадан қате табылса, сол санаты мен мәртелігі сақталып, қайталама визаконсулдық алым немесе мемлекеттік баж салығы алынбай беріледі.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатынхалықаралық шарттарда осы Ережелердегі тәртіптен өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережесі қолданылады.
Қазақстан Республикасына шетел азаматтарын шақыру үшін ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріне ҚР СІМ визалық қолдауын жолдау тәртібі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға ҚР СІМ визалық қолдауын ресімдеу үшін (виза беру туралы нұсқау) шақыратын ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне төмендегі құжаттарды тапсырады:
1. Ішкі істер басқармасының Көші-қон полициясы басқармасы куәландырған, белгіленген үлгідегі шақыру хат (№1 нысаны бойынша).
2.Төлем құжаты немесе консулдық алымдар мен нақты шығыстарды төлегені туралы түбіртек.
3. ҚР СІМ КҚД-не өтініш білдірген мекемелер жылында бір рет өтпелі жылмен нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмелерін тапсыру қажет:
1.нотариалды куәландырылған жарғы
2.нотариалды куәландырылған ҚР Әділет министрлігінде тіркеу туралы куәлік
4.нотариалды куәландырылған ҚР салық төлеушісінің куәлігі
5.салықтарды төлеу туралы анықтаманың түпнұсқасы
4. Құжат тапсырушыға мекеме атынан жазылған сенімхат
Туристік мекемелер шетелдік азаматтарды туристік мақсатпен шақырған жағдайда, нотариалды куәландырылған туристік қызметпен айналысуға арналған лицензияның көшірмесі қоса тапсырылуы қажет.
Басқа қалалардың мекемелері шақырған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарды пошта арқылы мына мекен-жай бойынша жібереді: 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі 31 үй, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, Паспорттық-визалық бөлім, визалық қолдау секторы.
Тапсырылған құжаттар 3-5 күн ішінде қарастырылады. Шақырушы мекеме белгіленген күні келгенде, оларға визалық қолдаудың нөмірі беріледі, аталған визалық қолдаудың нөмірін алғаннан кейін, шақырушы мекеме оны шетелдік азаматтарға жібереді.
Шақыру хат 3 дана болып жасалады, олардың екеуі ҚР СІМ КҚД-ға тапсырылады, үшіншісі шақырылатын адамдарға жіберіледі (хат, факс, эл.пошта және т.б. арқылы)
КҚД келіп тускен өтініштерді қарайды және ҚР СІМ шетелдегі мекемелеріне виза беру туралы нұсқауды жолдағаннан кейін визалық қолдаудың нөмірін хабарлайды. Шақыратын ұйым аталған нөмір қойылған шақыру хатты консулдық мекемеден виза алу үшін шетел азаматына жіберуі тиіс.
ҚР СІМ КҚД-ның визалық мәселелер бойынша қабылдау күндері мен сағаттары: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 09.30-12.30 дейін, тел.: 8 (7172) 720470, 720471; факс: 720478, 720460.
Алматы қаласындағы ҚР СІМ КҚД өкілдігінің телефондары: 8 (7272) 720939, 720311; факс – 720843 ---------------------------------------------------------------------------------------------------- Нақты шығыстардың орнын толтыру үшін төлемақы (шақырылатын әрбір шетел азаматы үшін) (бір, екі-, үш- және көп мәртелік визалар үшін 30.05.2011 - 4536 теңге) төмендегі есепшотқа төленеді: Алушы Жедел басқару құқығындағы РМҚК "ҚР СІМ Шаруашылық басқармасы"
Алушы банкіИИН 000609966
е/с KZ 579261501117575000
СТН 620300004058
«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ
БИК KZKOKZKX
Төлемнің қолданыс коды 890
РМҚК қызметі үшін шот-фактураларды келесі мекен-жайдан алуға болады:
010000, Астана қ, Қонаев көшесі, 31, тел.(8-7172)-72-00-96, 72-07-00, факс 72-00-89.
Консулдық алым үшін төлемақы шақырылатын әрбір шетел азаматына (бір мәртелік виза алу үшін визалық қолдау – 324 теңге, екі-, үш- және көп мәртелік визалар алу үшін визалық қолдау - 809 теңге) төмендегі есепшотқа төленеді:
Алушы
ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
Алушы банкі
Астана қаласы, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті ЖИК – KZ24070105KSN0000000
СТН 032200000017
Кіріс коды 108101
БИК – KKMFKZ2A
Төлемнің қолданыс коды– 911
КБК-108101 «ҚР СІМ консулдық алымы»
КБЕ – 11
е/ш 000080900
Орнатылған тәртіпке сәйкес, үш және одан жоғары шетел азаматтарын шақырған жағдайда, шетел азаматы жөнінде мағлұмат электронды түрде (Үлгі 1 кесте) қоса тапсырылуы қажет (КҚД-нің dks-mid@mail.ru электрондық пошта адресіне жіберуіңізге болады). Жұмысқа шақырған жағдайда, ҚР тұрғылықты жердің Әкімдігінен алынған шетел жұмыс күшін тарту жөніндегі рұқсаттың нөмірі мен берілген мерзімі қоса көрсетілуі тиіс (Үлгі 2 кесте).
Консулдық-құқықтық мәселелер және көші-қон басқармасы
тел. (7172) 72 05 75
Азаматтық бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 05 58
Құжаттарды заңдастыру және талап ету бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 04 90, 72 05 58, 72 04 84
Паспорттық-визалық басқармасы
тел. (7172) 72 04 68, 72 04 72
Шетелдiктердiң кiру бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 04 70, 72 04 71
Төлқұжаттарды (паспорт) ресiмдеу бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 04 79
Тарифтар, жиындар және басқа төлемдер бойынша сұрақтар
тел. (7172) 72 01 19
* Виза қолдауға, паспорттарға, талап етуге және заңдастыруға қатысты құжаттарды алу сағат 10.00 – 12.30 дейін және ресімделген құжаттарды беру сағат 16.00 – 17.00 дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.