Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ
ӨМІРБАЯН
ЕРЖАН ХОЗЕҰЛЫ ҚАЗЫХАНОВ
1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында туған.
Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетін бітірген (1987).
Тарихшы-шығыстанушы. Ағылшын және араб тілдерін меңгерген.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялықдәрежесі бар.
1987-1989 жж. Қарулы күштер қатарындағы қызмет.
1989-1992 жж. ҚазКСР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы.
1992-1995 жж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары,
1995-2000 жж. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
2000-2003 жж. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры.
2003-2007 жж. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
2007-2008 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2008ж. ақпаннан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2009-2011 жж. Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.
2011 ж. ақпан – сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2011 жылғы 11 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі.
«Ерен еңбегі үшін»медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006),«Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Тарих ғылымдарының кандидаты. Көпжақты дипломатия және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі жөніндегі тақырыптар бойынша қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген мақалалар мен жарияланымдардың авторы.