ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
СІМ БАСШЫЛАРЫ


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ

СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІ

 

Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы

1948 жылы  дүниеге келген.  С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған.  Тарих ғылымдарының докторы. Ағылшын және француз тілдерін меңгерген.  Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.Университетті тамамдағасын С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де ғылыми қызметкер болып істеді.  1978-1983 жылдары Қазақстанның ЛКЖО Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы. 1983 жылдан 1989 жылға дейін шет елдермен достық және мәдени байланыстар жөніндегі Қазақ қоғамы Президиумының төраға орынбасары, Төрайымы қызметтерін атқарды.1989-1991 жылдары  Қазақ КСР-нің Сыртқы істер министрі болды.1991 жылдың желтоқсанынан 1992 жылдың наурызына дейін БҰҰ жанындағы КСРО, Ресей Федерациясы Тұрақты Өкілдігінің аға кеңесшісі. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруге дайындық мәселелерімен айналысқан.

1992 жылдың сәуірінен 1999 жылға дейін  Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұңғыш Тұрақты Өкілі. 1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

1999-2003 жылдары  Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты Өкілі қызметін қоса атқарушы. 2003 жылы ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі қызметіне тағайындалды.«Құрмет» ордендерімен (1996 ж.) және 4 медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері.Отандық және шетелдік басылымдарда халықаралық қатынастар және дүние жүзі саясатының мәселелері бойынша 4 монографияның мен көптеген жарияланымдардың авторы.

Сүлейменов Төлеутай Ысқақұлы

 

1941 жылы туған. Қарағанды Политехникалық институтын,  КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.  Парсы, дари, ағылшын тілдерін меңгерген.  Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Институтты бітіргесін  Қарағанды металлургия зауытында цех шебері,  комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1971-1977 жылдары Қазақстан ЛКЖО-ның Теміртау қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Халықтық бақылаудың қалалық комитетінің төрағасы, Теміртау қалалық Коммунистік партиясының екінші хатшысы.

КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітіргеннен кейін  КСРО Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, КСРО-ның Мазари-Шарифтегі (Ауғанстан) 

Бас консулдығының консулы,  КСРО Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі,  КСРО –ның Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.  1991-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, 1994-1996 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 1996-2001 жылдар аралығында  Қазақстанның Венгрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды. 2001 жылы  Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы

 

 1946 жылы туған. Ленинград мемлекеттік мәдениет институтын, Қоғамдық ғылымдар академиясын (Мәскеу қаласы) бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.Институтты бітіргеннен кейін еңбек жолын М.Әуезов атындағы Қазақс академиялық драм театрының режиссері қызметінен бастады. Мамандығы бойынша Мәдениет министрлігі саласында түрлі қызметтерде ҚазКСР Министрлер Кеңесінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Мәдениет министрінің орынбасары, Мемлекеттік кинематография жөніндегі комитеттің, Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап дипломатиялық қызметке өтіп, КСРО-дағы ҚазКСР-дің

тұңғыш өкілетті өкілі қызметінде болады. 1992 жылы - Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші, 1994 жылы - ҚР Сыртқы істер министрі, 1994-1996 жылдары Қазақстанның Түркиядағы Елші, 1996-1999 жылдары Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі (сонымен қатар Норвегия, Швеция, Ирландиядада қоса) Төтенше және Өкілетті Елші қызметтерін атқарды. 1999-2000 жылдары ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы – Үкімет мүшесі қызметінде жұмыс істеген. 2000 жылдан 2007 жылдың мамыр айына дейін – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы және Канададағы (қоса) Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 жылдың 15 мамырынан Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Мемлекеттік Хатшы лауазымына тағайындалды. «Отан» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы

 

1959 жылы 28 сәуірде дүниеге келген. Халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтын және Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар тарихы мамандығы бойынша КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Ағылшын, хинди, урду және француз тілдерін меңгерген.Дипломатиялық қызметке 1992 жылы шілдеде келді. БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің 1 хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрдің орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі – Департамент директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші вице-министрі қызметтерін атқарған.2002 жылдың маусым айынан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігі, Норвегия Корольдігі және Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2007 жылы шілдеде Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен, «Астана» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен, «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

 

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы  

 

1953 жылғы 17 мамырда туған, қазақ. Білімі жоғары. Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Пекин Лингвистикалық институтын (ҚХР), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Халықаралық істер жөніндегі маман. Саяси ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай және француз тілдерін меңгерген. Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкiлеттi Елшi. Мамандығы бойынша КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, шетелдік өкілдіктерінде қызмет істеген. 1992 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1994 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

1999 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 1999 жылғы қазан – 2002 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. 2002 жылғы қаңтар – 2003 жылғы маусым аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі. 2003 жылғы маусым – 2007 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 2007 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған), үшінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. «Парасат», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен, төрт медальмен марапатталған. Қазақстанда және шет елдерде жарық көрген халықаралық қатынастар мәселелері жөніндегі алты кітаптың және көптеген мақалалардың авторы. 

Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы 

1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор. 1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты. 1992 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі. 1995-1999 жылдары – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу

орталығының басшысы. 1999-2001 жылдары – Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2000 жылы – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды. 2001 жылы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. 2002 жылы – Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2002 жылғы тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары. 2006 жылғы сәуір айынан бастап – Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2007 ж. 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. «Құрмет» және «Барыс» орденімен, екі медальмен марапатталған.

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС