АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ
|
 |
|
Азаматтар өтініштерін қарастыру тәртібі
ҚР Үкіметі 04.09.2002 ж. № 974 қаулысының 2.3 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшыларында азаматтарды (мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған) қабылдау кестесі және 2.4 тармағына орай азаматтардың талаптары бойынша қабылдауда болғаны немесе болмағаны туралы ақпарат әр тоқсан сайын ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының атына жолданады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшыларында азаматтарды қабылдау кестесіне жауапты - Әкімшілік және бақылау департаментінің Бақылау бөлімінің кеңесшісі Нұржанова Сәуле Амантайқызы (телефон: 72-05-23).
Министр бекіткен кестенің түп нұсқасы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы атына және көшірмесі Министрліктің Рұқсатнама бюросының жетекші маманы Әбелдинова Бархыт Құнанбайқызына (телефон: 72-01-04) азаматтардың министрлікке кіруге рұқсат беру үшін тапсырылады.
Жеке тұлғалардан келіп түскен сұрақтардың көбі консулдық қызмет департаментіне қатысты, сондықтан ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті өз тарапынан арыздарды немесе ауызша сұрақтарды ресми түрде тіркейді және оған тиісті жауап береді (кеңсе телефондары: 72-01-64, 72-01-64, факс: 72-04-60, e-mail: dks-astana@mid.kz).
|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінде азаматтарды қабылдаудың 2012 жылдың II тоқсанына арналған К Е С Т Е С І
|
|
|
 |