ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
ЕУРОПА ОДАҒЫМЕН ҚАТЫНАСТАР



Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы

қарым- қатынастар

 

Еуропалық  Одақ – Қазақстанның ең негізгі  саяси және экономикалық әріптестерінің бірі.

1993 жылғы 2 ақпан күні Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың (ЕО) арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.

1993 жылғы желтоқсанда Брюсселде ЕО жанынан ҚР Өкілдігі ашылды. 2009 ж. мамырынан  бастап ҚР Өкілдігінің басшысы Төтенше және Өкілетті  Елші Е.Өтембаев болып табылады.

 1994 жылғы қарашада Алматыда Еуропалық Комиссияның (ЕК) Өкілдігі ашылды. 2011 ж. 6 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Комиссия Өкілдігінің басшысы Төтенше және Өкілетті Елші А.Бушез болып  табылады.

  Саяси сұхбат

Қазақстан мен ЕО арасындағы қатынастардың құқықтық негізі 1999 жылғы Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК) болып табылады.

Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғаннан кейін Қазақстан да, ЕО да маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерден өткендіктен, тараптар осы өзгерістерді көрсететін оның орнына жаңа негізгі келісімге қол қоюға келісті. 2011 жылы маусымда Брюссельде ҚР-ЕО Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім бойынша келіссөздерге ресми бастама берілді.  ҚР-ЕО жаңа келісімі бойынша келіссөздердің бірінші раунды ү.ж. 12 қазанда Астанада өтті, екіншісі 2012 жылдың көктеміне белгіленді.     

Сауда-экономикалық байланыстардың дамуының жоғары қарқындарына қол жеткізілді. Ресей мен Қытайды артта қалдырып, ЕО бес жыл қатарынан Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылуда. Қазақстандық сыртқы сауда айналымының жартысы (49,7%) және Қазақстан экономикасында жиналған шетел капиталының үштен бір бөлігінен көбі ЕО үлесіне келеді. Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 2011 жылы  50 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткіштерден асты (38 млрд. АҚШ доллары). 1993-2011 жылдар аралығында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына келген тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 65,7 млрд. АҚШ долларын құрады (137 млрд. АҚШ доллардан бар тартылғаны) Негізгі инвесторлар: Нидерланды,Ұлыбритания, Италия және Франция.     

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында ЕО-ның сенімді және жауапты энергетикалық әріптесі ретінде орнықты. Қазақстан Ресей және Норвегиядан кейінгі ОПЕК-ке мүше емес елдер ішіндегі – Еуропаға энергия тасымалдаушылардың үшінші ірі жабдықтаушысы болып табылады.  Еуропаның бірнеше елдерінде қазақстандық мұнай тасымалының үлесі айтарлықтай жоғары.  Сонымен Австрияда ол 25%, Румынияда - 30% құрайды. Қазақстан Греманияға көлемі бойынша 4-ші энергия қорларын тасымалдаушы болып табылады. Қазақстан ЕО-мен стратегиялық энергиялық диалогты одан әрі нығайтуға мүдделі, оның құқықтық негізі Энергетика саласындағы өзара түсінушілік туралы Меморандум және Ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда қолдану бойынша ынтымақтастық туралы Келісім болып табылады.  

ҚР-дағы Банк қызметін реттейтін 2010 жылы сәуірде келісімге қол қойылғаннан кейін  Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) Қазақстандағы тәжірибелік қызметінің басталуымен үлкен үміттер байланысуда. 2010 жылғы қазанда Брюссельде Елбасының ЕИБ Президенті Ф.Мейстадтпен кездесуі нәтижесінде бірлескен іс-әрекеттердің стратегиялық жоспарын және бірлесе іске асыру жобаларын қамтитын (ЕИБ-тің ҚР-дағы жобаларды 1,5 млрд. евро сомасына қаржыландыруға дайындығы есебімен) ҚР және ЕИБ арасындағы «Жол картасын» дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. АҚ «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» және Қазақстанның Даму банкі мен ЕИБ арасында 300 млн. евро көлемінде қазақстандық жобаларды алғашқы инвестициялауды қамтитын екі жақты меморандумға қол қойылды.     

Астана Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі талаптарына   ЕО-ның шынайы және жағымды ықпалын көргісі келеді. Қазақстандық тарап ұлттық заңнаманы ДСҰ нормаларына сәйкестендіру бойынша едәуір жұмыс жасады. 2010 жылы маусымда тараптар тауарлардың нарыққа шығу мүмкіндігі бойынша барлық талаптарды келісті, 2011 жылы қазанда қызметтердің нарыққа шығу мүмкіндігі бойынша екі жақты келіссөздерді аяқтау туралы Хаттамаға қол қойды. Шикізат тауарларына экспорттық кедендік баждарды қолдану жалғыз шешілмеген мәселе болып қалуда.     

Қазақстан антидемпингтік тергеулер жүргізу барысында қазақстандық экономиканың нарықтық мәртебесін толық көлемде мойындау бойынша ЕО-мен жұмысты жалғастыруға ниеттенуде.

Астананың еуропалық елдермен өзара қатынастарын қарқындандыру жағдайында Қазақстан мен Еуропалық Одақ азаматтарының өзара сапарларының өсімін есепке ала отырып, Қазақстан ҚР-ЕО визалық режимін жеңілдетуді қолдауда. Осыған орай визалық режимді жеңілдету бойынша және реадмиссия жөнінде келісімдерге қол қою туралы мәселе пысықталуда. Тараптардың тұрақты консультациялары жүргізілуде.

Ынтымақтастықтың жаңа форматы тараптар мүдделі тақырыптар бойынша (энергетика, көлік, қауіпсіздік, миграция, адам құқықтары бойынша диалог және басқалары) егжей-тегжейлі консультацияларды ұйғаратын салалық диалогтар болып табылады.

Жылына бір рет Парламенттік ынтымақтастық комитетінің отырыстары өткізіледі (Еуропалық Парламент - ҚР Парламенті).  2011 жылғы маусымда Брюссельде Қазақстан-ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетінің  10-шы мерейтойлық отырысы өтті, оның нәтижесі  бойынша Қорытындылар қабылданды.

ҚР-ЕО өзара әрекеттесуінің институционалды жүйесінде негізгі рөлді  ынтымақтастық Кеңесінің  жыл сайынғы отырыстары ойнауда, оны қазақтандық тараптан Премьер-министр орынбасары Е. Орынбаев басқаруда. Кеңестің шешімдерін  имлементациялау мақсатында: сауда, инвестициялар, көлік және энергетика; сот төрелігі және құқықтық тәртіп бойынша  Ынтымақтастық комитеті және екі профильді Ынтымақтастық Шағын комитеттері  қызмет етуде.

Өңірлік  тұрғыда тараптар Орталық Азиядағы ЕО Стратегиялары (2007 жылы қызметке енгізілді) шеңберінде өзара әрекеттесуде.

2011 жылы болып өткен Президент Н.Назарбаевтың Ядролық энергия бойынша Киев саммиті алаңдарында Еуропалық Комиссия Төрағасы Ж.М. Баррозумен (19 сәуір) және Еуропалық Кеңес  Төрағасы Х. Ван Ромпеймен (21 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы шеңберінде) кездесулері біздің әріптестігіміздің кеңеюіне және нығаюына жәрдемдесті, сондай-ақ Еуропалық Одақпен көп салалы байланыстардың дамуының басымдылығын тағы да дәлелдеді.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды тәжірибелік іске асыру шеңберінде 2012 жылы ҚР-ЕО қарқынды саяси диалогы күтілуде.

 

Жарияланған күні: 2012-04-13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС