Парламентаралық Ассамблея (штаб-пәтері Санкт-Петербург қ.)
Қоғамдастық соты (штаб- пәтері Минск қ.)
Мемлекетаралық Кеңес – мемлекеттер және үкіметтер басшылары өкілдік ететін жоғарғы басқару органы. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты қағидаттық мәселелерді қарайды, интеграция дамуының стратегиясын, бағыттары мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды.
Интеграциялық комитет – ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын және Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган.
Парламентаралық Ассамблея ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлесімдендіру (жақындастыру, бірегейлендіру) мәселелерін қарайтын парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады.
Қоғамдастық Соты Қоғамдастық шеңберіндегі қолданыстағы шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ сотының функцияларын ТМД Экономикалық Сотына жүктеу туралы шешім қабылданды.
ЕурАзЭҚ құру туралы шартта белгіленген жарғылық органдардан басқа Қоғамдастық шеңберінде салалық комиссиялар, өзара іс-қимылдың әртүрлі салалары бойынша ЕурАзЭҚ кеңестері мен көмекші органдары, соның ішінде мыналар жұмыс істейді:
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Орталық (ұлттық) банктері басшыларының кеңесі;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің Шекара мәселелері бойынша кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Салық қызметі басшыларының кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Кеден қызметі басшыларының кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Көлік саясаты жөніндегі кеңес;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Энергетика саясаты жөніндегі кеңес;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Әділет министрлерінің кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Әлеуметтік саясат жөніндегі кеңес;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі комиссия;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Техникалық реттеу, ветеринарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптар жөніндегі комиссия;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы экспорттық бақылау саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі комиссия;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ішкі рыногын қорғау жөніндегі комиссия;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органдардың басшылары кеңесі;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің Қаржы-экономикалық саясаты жөніндегі кеңес.
Сондай-ақ Сақтандыруды қадағалау және сақтандыру қызметін реттеу органдары басшыларының кеңесін құру жоспарлануда.
Шарт-құқықтық база
1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Кеден одағы және ЕурАзЭҚ шеңберінде 79 халықаралық шартқа қол қойылды.
Қызметі:
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық – ТМД кеңістігіндегі ең дамыған аймақтық бірлестіктердің бірі. Аталған аймақтық бірлестік жұмысына қатысу Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылады.
2003 жылғы желтоқсанда ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды, бұл осы интеграциялық бірлестікті дүниежүзілік қоғамдастық танып отыр дегенді білдіреді.
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастығы тауарлар аталымының басым көпшілігі бойынша ортақ кеден тарифтері енгізілген, тарифтік емес реттеу бойынша келісілген шаралар жүзеге асырылып жатқан, үшінші елдерге қатысты ортақ сауда режимдері қалыптастырыла бастаған кезеңге жетіп отырғанын атап өткен жөн. Біртұтас кеден аумағын құру басталды. Гуманитарлық салада біздің елдеріміз азаматтарының білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету салаларындағы қажеттіктерін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бірқатар нақтылы бірлескен қадамдар жасалды.