ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
ҚАЗАҚСТАН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

 

            Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы Каспийге БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің әртүрлі бөліктерінің режимдері мен еніне қатысты жеке ережелерін қолдану болып табылады.

            Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан көрсетілген құжаттың ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуға ұсыныспен шығады.

Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы оның шегінде жағалаудағы мемлекет барлық егеменді құқықтарды толығымен пайдаланатын  мемлекеттік шекара болып табылуы қажет.

Балық аулау аймағын, оның ені мен режимін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе отырып жеке санатқа бөліп шығаруды ұсынады. Сонымен қатар, балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды тиісті балық аймақтарда және ашық теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажет.

            Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу бойынша келіссөздер Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының аясында, сонымен бірге екі және үш жақты консультацияларда да келісілуде.

Аталған кездесулердің күн тәртібіне аталған мәселелрдің басқа да сұрақтар Каспийдің экожүйесін сақтап қалу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасын дамыту, минералдық және биологиялық ресурстарды игерудегі өзара іс-қимыл мәселелері де сөз болады.

Каспий тематикасына қатысты салалық халықаралық шарттардың жобалардың келісуі үшін Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының кездесулері өткізіліп тұрады.

1998 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісім және 2002 жылдың 13 мамырында оған Хаттама жасалды.

2001 жылдың 29 қарашасында және 2003 жылдың 27 ақпанында тиісінше Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы келісім және оған Хаттама жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында 2003 жылғы 14 мамырда Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды.

2003 жылдың 4 қарашасында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойылды. Ол 2007 жылғы 12 тамызда күшіне енген. Онда теңіз ортасына антропогендік әсер етуді реттеу, биологиялық қорларды қорғау сұрақтары мен тараптардың Каспийдің экожүйесін қорғау жөніндегі іс-шаралар саласындағы ортақ өзара әрекеттестігінің негізі ережелері қаланған.

            Қазіргі уақытта аталған Негіздемелік конвенцияға төрт қосымша хаттамалар Тараптардың келісуінде.

Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының үш Саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде, 2007 жылғы 16 қазанда және 2010 жылғы 18 қарашада) және Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы 11-12 қарашада, 2004 жылғы 6 сәуірде және 2007 жылғы 20 маусымда) болып өтті.

Тегеран қаласында Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екінші кездесуі барысында Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның бірлескен декларациясы қабылданып, ол Каспий теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің жетекшілерімен қол қойылған құжат. Бұл құжат Каспийдің құқықтық мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері (БҰҰ-ның, МАГАТЭ-ның рөлін нығайту, ядролық қаруды, халықаралық терроризмді таратпау) жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекемдеп берді.

            Баку қаласында Үшінші каспий саммитінің шеңберінде Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан Президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне және Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымактастық туралы келісімге кол қойылды.

Бірлескен мәлімдемеде «Каспий бестігінің» басшылары Екінші саммиттің Декларациясында баяндалған ұстанымдарды қолдайтындықтарын тағы да растап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция бойынша жұмысты тездетіп аяқтаудың қажеттігін атап өтті.

            Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негіздік құжат бола тұрып, Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқыққа қарсы қызметпен күрестегі жағалау мемлекеттерінің өзара әрекеттестігінің құқықтық негізін қалап, ынтымақтастықтың басты салалары мен нысандарын бекітті.

 

Жарияланған күні: 2011-06-15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС