ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
ҚАЗАҚСТАН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

 

Әлеуметтік-мәдени ортадағы конфессияаралық әлем, бейбіт ұлтаралық қатынас, дәстүр мен жаңартулар арасындағы тепе-теңдік - азаматтық қоғам құрудың және мемлекеттілікті сақтаудың маңызды факторлары болып табылады. 

Қазақстан Республикасының конфессияаралық қатынастар саласындағы саясаты қазақстандық мемлекеттікті дамыту қазіргі заманғы ғаламдық үдерістер контектсінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезі өтті.

Алғашқы дінаралық форумның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм,  индуизм және буддизмнің аса беделді өкілдері қатысты. 

Аса қадірлі қонақтар ретінде Сауд Арабиясы Королінің арнайы өкілі - Ә.Әл Аш-Шейх,  Египет Президентінің арнайы өкілі,  Уақыфтар Министрі -М.Закзук, Японияның бұрынғы Премьер-Министрі Ц.Хата, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі В.Сотиров сияқты белгілі саясаткерлер қатысты.

Конфессияаралық форум өткізу туралы Қазақстан бастамасын іске асырудағы сөзсіз сәттілік - Съез қатысушыларының ауқымды құрамы мен жоғары деңгейі болып табылады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алғашқы рет бас қосып, ортақ құжат қабылдады. Форумда православие, католицизм, протестанттылықты қоса алғанда христиандықтың тармақтар, ислам дінінің басты орталықтары,  суннит, шиит, иудаизм өкілдері мен азиялық діндер ұсынылды.

Съез өркениетаралық және мәдениаралық диалогтың ғаламдық үдерісіне қосқан елеулі үлес болып айғақталды. Форум өркениеттер дағдарысы мен мәдени және діни айырмашылықтар шиеленістерін еңсерудегі дүниежүзілік қоғамның күшейтулеріне, сонымен қатар толеранттылыққа, тұрақтылықтыққа және табанды дамуға  әсер етті.

Форум барысындағы өзара түсінушілік пен төзімділік атмосферасы, қатысушылардың әдепті сөз сөйлеулері, діни қайраткерлердің ізгі ниеті мен сұхбат жүргізуге ізгі қызығушылықтары  дүниежүзілік қоғамның дамуы үшін конфессияаралық диалогтың маңыздылығын куәландырды.

Әлемдік конфессиялар көшбасшыларының бас қосқан кездесуі дінге қарсы және діни ағымдардың беделін түсіруге қарсы қуатты қаруына айналды.

Съез болашақ үшін ыңтымақтастық, әр-түрлі діндермен ұлттардың бейбіт және абыройлы өмір сүрудің баламасы жоқ екендігін қайта көрсетіп өтті. Діни сенімдерімен ұстанымдардың көптігі өзара күдіктенуге, кемсітушілікке және қадір-қасиетін төмендетуге емес, керісінше, әр дінмен мәдениетті ерекше көрсететін өзара түсіністік пен үйлесімділік екендігі туралы Съез қатысушыларының бірауыздан айтылған пікірі өте маңызды болды.

Форумның жоғары деңгейде өтуі көздеп отырған саяси үлес-пайдасын көрсетіп, белсенді бейбіт саясатқа бейілді мемлекет ретінде халықаралық аренада өз бет-бейнесін көтеруге септігін тигізді. Форум Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық моделі тиімді екенін дәлелдеп өтті.

Конфессияаралық диалог халықтар және ұлттар арасындағы бейбіт пен келісімді қолдайтын, сонымен қатар, халықаралық қауымдастықтың өркениеттер арасындағы сұхбатты ілгерілетуге үлесі тиетін, маңызды тәсілдердің бірі ретінде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің қабылдаған Декларациясында бейнеленген.  

Форум қатысушалыры жаңа мыңжылдықта бейбітшілікті қамтамасыз ету, діни айырмашылықтарды болдырмау және діндер мен мәдениеттердің қақтығысын алдын алу  мақсатында рухани құндылықтарды ілгерілетудегі өздерінің ынтымақтастыққа  бейілділігін растады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері және жоғары өкілдер конструктивті конфессияаралық диалогты жалғастырудың қажеттілігін ескеріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерін ұдайы түрде өткізіп отыру, сонымен қатар, халықаралық конфессияаралық диалогтың  тұрақты органы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Хатшылығын құру және Астана қаласында 2006 жылғы 12-14 желтоқсанда екінші форум өткізу туралы шешім қабылдады.

Екінші Съез Астанада қайта өткізу туралы шешім  Қазақстанның тағы бір жетістігі болып, дүниежүзілік сахнадағы біздің республикамыздың орны мен халықаралық ролін мойындады, сонымен қатар тарихта бұрын-соңды болмаған Форумның сәтті ұйымдастырылғанын куәландырды. 

2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезі  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен жаңа арнайы салынған Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Іс-шараға 25 діни лидерлер (оның ішінде 7 ислам өкілдері, 7 христиандық өкілдері, 4 буддизм өкілдері, 2 иудаизм өкілдері,  синтоизм, даосизм, индуизмнен 1 өкілден және 2 халықаралық діни ұйымдардың басшылары) және Еуропа, Америка, Азия, Африка және Таяу шығыстың 26 мемлекетінен келген 14 құрметті қонақтары қатысты. Барлығы 160 адамды құрады.  Астанаға бірінші рет Ливия, Таиланд, Армения, Оңтүстік Корей делегациялары, сонымен қатар АҚШ пен Швейцарияның халықаралық діни ұйымдарының басшылары келді. Қадірлі қонақтар ретінде Форумға белгілі саясаткерлер, халықаралық ұйымдар және мемлекет басшылары қатысты.

 II Съез өзекті мәселелерді шешудегі және ортақ әрекеттерді пысықтаудағы басты әлемдік конфессиялар арасындағы конструктивті ынтымақтастық орнату және сенімді нығайтуға бағытталды.  Съез «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» ортақ тақырыбы аясында «Діни бостандық және басқа діндер ізбасарлырын құрметтеу»  және «Халықаралық қауіпсіздікті күшейтудегі діни лидерлердің ролі» атты екі бағыт бойынша өтті.

Форумның бірінші күні Съез жұмысы барысында қатысушылар қолданған негізгі құрамалар көрсетілген «Дінаралық диалогтың принциптері» қабылданды.

Сонымен бірге II Съезде Елбасы алдағы жылдардың бірін діндер және мәдениеттер арасындағы диалог Жылы ретінде жариялау туралы бастамасы айтылды. Аталған бастаманың іске асырылуы болып БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында қабылданған 2010 жылды «Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру жылы» ретінде жариялау туралы қарарды қабылдау болды.

Съезд қорытындылары бойынша оның қатысушылары барлық діндер мен этникалық топтардың өкілдерін мәдени және діни айрмашылықтар негізіндегі қақтығыстарды болдырмауға шақыратын  ортақ Декларацияны қабылдады. Аталған құжатта «қарсылық идеологиясын» «бейбітшілік мәдениетіне» алмастырудың ғаламдық қажеттігі айқындалған.

Форум аса ауқымды халықаралық іс-шара ретінде танылып, тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде де орасан зор позитивті резонансқа ие болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 63-сессиясында                2009 жылы Астанада БҰҰ жүйесінің тарапынан техникалық көмек көрсетуі және қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезін өткізу туралы  қарар қабылданды.

2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 мемлекетінен 77 делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III Съезі өтті. 2009 жылғы Съез форумына ты.

III Съездің басты тақырыбы ретінде қилы да күрделі уақыт кезінде төзімділік, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген бейбітшілікті орнатуда үміт артылатын рухани лидерлердің ролі талқыланды.

Съезді өткізудегі жаңа тағы бір сәт -  бейбітшілік, келісім және  диалог жөніндегі көкей-кесті мәселелерді талдауға байланысты секциялық отырыстардың құрылуы. III Съезде секциялық отырыстардың келесі тақырыптары таңдалды: 1) Моральдық және рухани құндылықтар; 2) Әділеттілік, бейбітшілік және қауіпсіздік; 3) Қоршаған орта және үндестік; 4) Диалог және ынтымақтастық; 5) Дағдарыс кезіндегі татулық. Секциялық отырыстарды өткізудің негізгі мақсаты -  толерантты әлемді қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосу қажеттілігі контекстінде барлық мәселелерді оңды шешудегі рухани лидердердің ролін арттыру.

Қазіргі таңда Форум өзінің мәртебелі мақсатына жету жолында діни лидерлердің Кеңесін құру туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III Съезінде айтылған Елбасының бастамасын атап өту қажет. Діни лидерлердің Кеңесін құрудың мақсаты диалог және ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі басымдықтар мен тетіктерді анықтау болып табылады.

Сонымен, 2010 жылғы 13-14 қазанда Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Хатшылығы жұмыс тобының отырысы ұйымдастырылды. Отырыс қатысушылары діни лидерлердің Кеңесі Концепциясының жобасын  талқылады.  Осы орайда аталған Кеңесті құру түрлі діндер өкілдерінің арасындағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге, сонымен қатар олардың Съез қызметінің принципті мәселелеріне қатысты шешім қабылдауда Съездің тұжырымдамалық негізін  нығайтуға үлес қосатыны бірауыздан ескерілді. 

Жұмыс тобы отырысының қорытындылары бойынша  2011 жылдың екінші жартысында өткізілуі жоспарланып отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Хатшылығының 10-шы отырысының күн тәртібі  бекітілді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Хатшылығының 10-шы отырысының күн тәртібі келесі тармақтарды қамтиды:

 - Діни лидерлердің Кеңесі Концепциясын бекіту;

- Діни лидерлердің Кеңесі Концепциясын қабылдау формасын талқылау;

- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  ІV Съезін өткізу мерзімін талқылау;

- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  ІV Съезінің тақырыбы мен күн тәртібін талқылау.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін құру бастамасы бірегей екенін ескере отырып, дінаралық және мәдениаралық диалогты ілгерілетуге мемлекеттердің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың күшейтулерін толықтырады. Осыған байланысты аталған форум бейбітшілікті, келісушілікті және Өркениеттер диалогын дамытуға бағытталған сұхбаттық алаң ретінде бүкіләлемдік тануға ие болып отыр. Форумның аса маңызды жетістіктерінің бірі болып діни қайраткерлермен қоса дүниежүзілік қоғамдастық мемлекеттерінің ықпалды саясаткерлерінің біріге отырып, достастық пен өзара түсінушілікке шақыруы болып табылады. Ал оның тәртібі бүгінгі 

күннің өзекті мәселелерін шешуді қамтыса.

Қазақстандық форум маңызды конфессия аралық іс-шара ретінде ғана емес, сонымен қатар бейбітшілік, қауіпсіздік, үндестік пен мәдени құндылықтар мәселелері бойынша конструктивті және мазмұнды диалогтың әмбебап мінбері ретінде бекітілді.

Елбасының діни лидерлерлерін Астана қаласына шақыру туралы бастамасы мәдениеттер мен өркениеттер дамуындағы ғаламдық үдерісте аса маңызды мағынаға ие болғанын ескеру қажет. Осы орайда Өркениеттер альянсы және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі  бір-бірін толықтырады.

Альянс барлық қоғамдардың тұрақтылық, гүлдену мен бейбіт өмір сүруге бағытталған құлшыныстары бір-бірімен байланысты екендігін, мемлекеттер, мәдениеттер және діндердің ортақ келісімге келуін кеңінен бекітеді. Альянстың бастамашылары соңғы жылдардағы оқиғалар діни экстремизмді қуаттайтытын, сонымен қатар төзімділікке нұқсан келтіретінін және халықаралық тұрақтылыққа қауіп-қатерін тигізетінін, ислам мен батыс қоғамының арасындағы түсініспеушіліктер мен күдіктерін күшейтенін ескеріп отыр. Осыған байланысты олардың түсініктері бойынша Альянс идеясы саясат, экономика, мәдениет салаларындағы әрекеттердің көмегімен үкімет және азаматтық қоғам деңгейінде өркениеттер арасындағы жаңа қатынастарды құрудағы көпірі ретінде танылуы мүмкін.

Қазақстан осындай бастамаларды қолдап, сонымен бірге этникааралық және конфессиаралық келісушілік мәселелерін шешуде тәжірибесі бар екенін есепке ала отырып, аталған салада тиімді де нәтижелі ынтымақтастыққа дайындығын білдіреді.

Қазіргі уақытта Өркениеттер альянсының Хатшылығы және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының арасындағы ынтамақтастықты ілгерілету жұмыстарын жүргізу жалғастырылуда.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі туралы қосымша мәліметті http://www.religionscongress.org/ адрес бойынша алуға болады.

 

 

 Жарияланған күні: 2011-03-17

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС