Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласында
Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласында Қазақстанның әлем нарығындағы интеграция үдерісіне тереңінен енуіне және ашық ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталған стратегияны жалғастырып, жүзеге асырып келеді.
Ел басшының Египет Араб Республикасында (Шарм аль-Шейх қаласы) өткен Таяу Шығыс бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумына (ДЭФ) қатысуы біздің мемлекет үшін маңызды оқиға болып, көпмиллиардық экономикалық жобаларды іске асыру жөніндегі келісімдерге қол жеткізді.
Сонымен қатар, Қазақстандық делегация ү.ж. 30 қазан-1 қараша кезеңінде Түрік Республикасында (Стамбул қаласы) өткен ДЭФ-ң Еуропа – Орталық Азия атты бірінші самитіне қатысты. Келесі жылы Қазақстан әлемдік бизнес қоғамының назарын қайта өзіне аудартып, ДЭФ-ң Еуразиялық саммитін үшінші рет өткізуге бағытталған.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіне жәрдем көрсету жұмысын жалғастыруда. «Үлкен төрттік» мемлекеттерінің 2 мемлекетімен – Канадамен және Австралиямен келіссөздер аяқталып, АҚШ пен ЕО елдерінің Қазақстанмен жалпы жүйелік мәселелер бойынша ұстанымдары жақындатылды. Осы кезеңде, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жолдарының біреуін аймақтық интеграциялық қоғамдамдастықтарға кіру келешегін назарға ала отырып таңдау қажеттілігі аса анық.
Халықарлық қаржы-экономикалық ұйымдармен және даму институттарымен ынтымақтастық жұмыс тәртібінде жүргізіліп, өзара ресми сапарлар жүйе тәртібінде өтіп, нақты бағыт бағдар алды, Республиканың әлеуметтік-экономикалық және индустриалдық-инновациялық дамуының басым бағыттарына сәйкес шетелдік несиелер санының өсуі де байқалады.
Дүниежүзілік туристтік ұйымы Бас Ассамблеясының 18-ші отырысының дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, біз мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларды БҰҰ-ң экономикалық құрылымдық бөлімдерінің, әсірессе, Индустриалдық даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО), Сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД) мен Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссияның (ЮНСИТРАЛ) зор тәжірибесі мен мүмкіндіктерін толық қанды пайдалануға шакырамыз.
ЮНИДО-ң аймақтық орталығының ашылуы осындай ынтымақтастықтың жүзеге асырылуының айқын дәлелі.
Қазақстан энергикалық ресурстарды экспорттауда қарқынды дамушы мемлекет ретінде және бүкіләлем қауымдастығының энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ісіне бар күшін салып отырған белсенді қатысушысы екендігін танытты. Келесі жылы БҰҰ шеңберіндегі Бүкіләлемдік энергоэкологиялық стратегияны және энерготасымалдау тұрақтылығының Еуразиялық пакті жөніндегі Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру мақсатында нақты қадамдар жасалады.
Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықтағы артып отырған роль, соның ішінде, арта қалған шет мемлекеттердің дамуына жәрдем көрсету ісі осындай іс-шаралар аясындағы ұлттық механизмнің құрастырылуын талап етті. Қазақстанның осы саладағы халықаралық әрекетінің нәтижелігін арттыру мен жүйелік тұрғыда дамыту жұмысы ҚР Сыртқы істер министрлігімен басталған болатын.
Ел басының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан үшін әлем қаржы дағдарысының салдарын жеңу Үкіметтің 2009-2010 жылдарға арналған жұмыстың басты тақырыбы ретінде анықталған. Сол себепті әлемнің қаржы-экономикалық жүйелеріндегі күйзеліс құбылыстарын назарға ала отырып, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы индустриалды-инновациялық дамудағы, мемлекеттің бәсекелестікке қарсы тұру саласындағы ұлттық мақсаттардың жүзеге асырылуына зор үлес косуды, сонымен қатар экономиканы модернизациялау мен өзгеріліп жатқан жағдайлардағы отандық капиталдың шетелдегі мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуді басшылыққа алып өз ісін жалғастыруды.
Жарияланған күні: 2008-12-09