ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР



ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ
АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

(ЕҚЫҰ)

2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы болады

  

Жалпы мағлұматтар

 

1992 ж. қаңтар - Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып қабылданды.

1995 ж. -  Вена қаласында ҚР ЕҚЫҰ  жанындағы өзінің тұрақты өкілдігін ашты.

1999 ж. қаңтар - Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығы ашылды.

2004 ж. 3 сәуір - Алматы қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы И.Викки (Норвегия) Қазақстандағы жұмысын бастады.

2007 ж. 21 маусым айынан бастап ҚР ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты кеңесінің шешіміне сәйкес Орталық ЕҚЫҰ Орталығы болып атауы өзгерді.

2008 ж. маусым айынан бастап - Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығын А.Кельчевски (Франция) басқарады.

 

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға мүше болып қабылдануы, Қазақстанның 1975 жылғы Хельсинк қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үрдерістерге еркін қатысуға, тәжірбие алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға қатысты, аймақтақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты, экономикалық реформалар жүргізу, адам құқықтарын қорғау, аймақтық қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді.

ЕҚЫҰ-мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік және Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығын ашу жөнінде, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен өзара түсіністік меморандумдары  қабылданды. Өзара түсіністік меморандумына негізделіп, демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда сайлау заңнамасын, соттық жүйені реформалау сияқты жұмыстарды атқаруда.

2003 жылдың ақпан айында қосымша хаттамаға қол қойылды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан ЕҚЫҰ Төралығына өтінімді ілгерілету барысында жоспарланған жұмысты атқарып жатыр.

 

Маңызды іс-сапарлар мерзімдік реті

 

2007 жылы:

22-23 қантар - Қазақ делегациясы құрамындағы ЕҚЫҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілдігі, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі және қазақстандық экологиялық үкіметтік емес ұйымның өкілдері Венадағы ЕҚЫҰ-ның «ЕҚЫҰ аймақтарындағы қоршаған ортаның қауіпсіздігін және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің бас мәселелер: жер тозуы, топырақ ластануы және су ресурстарын басқару» Экономикалық және экологиялық форумына қатысты.

22-23 ақпан – қазақстандық прламенттік делегация Сенаттың Төрағасы Қ.Тоқаевтің басшылығымен Венадағы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қыс мәжілісіне қатысты.

ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитетінің мәжілісінде Қ.Тоқаев сөз алып, ЕҚЫҰ-ның қызмет атқаратынындағы үдеріске ҚР-дың өз үлесін қосуға әзірлігін білдірді. ПА және ұлттық парламенттік делегациялардың басшылары кезекті ЕҚЫҰ ПА 17-ші мәжілісін 2008 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі Қазақстанның ұсынысын бір дауысымен қолдап, сондай-ақ бұл шешім парламентаралық сұхбатты мен ынтымақтастықты дамытуға және ЕҚЫҰ-ның бас мақсаттарын жетіп жатқанға Орта Азияны жан-жақты қатыстыруға қол береді деп сызып кетті.

10-11 сәуір – ЕҚЫҰ-ның Қазіргі Төрағасы, Испания Корольдігінің сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Моратинос Қазақстанға сапар жасады. Сапар аясында ол ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, ҚР сенаты мен Мәжілісі төрағалары Қ. Тоқаев және У.Ахмеджановпен, Премьер-министрі К.Мәсимовпен, Сыртқы істер министрі М.Тәжинмен және Қорғаныс министрі Д.Ахметовпен кездесті. Келіссөздер барысында ҚР және ЕҚЫҰ мен Испания арасындағы ынтымақтастық, ҚР-дың ЕҚЫҰ төрағалығына өтінімі және мемлекеттегі және жалпы Орта Азиядағы қоғамдық пен саяси ахуал жөніндегі мәселелер талқыланды.

16-18 мамыр – Қазақстан делегациясы құрамындағы Орталық сайлау комиссиясы, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Әділет министрлігі, СІМ және Польшадағы ҚР елшілігінің өкілдері Варшавада жыл сайын өтетін ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Кеңсесінің (ДИАҚК/ЕҚЫҰ) кезекті «Демократиялық қоғамдастықтағы тиімді қатысу және өкілдік» атты семинарына қатысты.    

Қазақ делегациясының ресми өкілдері үш жұмыс мәжілісі аясында азамат қоғамын және демократиялық институттарды дамыту, заң үстемдігін, сөз және БАҚ еркіндігін, ұлттық азшылықтардың құқықтарын және әйелдер үшін теңдікті қамтамасыз ету мәселелеріне сөз аударды. Атап айтқанда, бірінші мәжіліс барысында Қазақ делегациясының басшысы – ҚР ОСК мүшесі – форумның қатысушыларын ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен мәжілісінде дыбыстарған ҚР Ата Заңына енгізілетін өзгерістермен таныстырды.

Семинар барысында ҚР делегациясы ДИАҚК/ЕҚЫҰ-ның Директор К.Штрохаль бас болып басшылығымен бейресми сұхбатты жүргізді.

23 мамыр – Қазақ делегациясы құрамындағы Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Ә.Бірәлиев, Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Б.Оспанов, сондай-ақ Чех Республикасындағы ҚР елшілігінің дипломаттары Прагадағы «ЕҚЫҰ аймақтарындағы қоршаған ортаның қауіпсіздігін және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің бас мәселелер: жер тозуы, топырақ ластануы және су ресурстарын басқару» атты ЕҚЫҰ-ның XV Экономикалық және экологиялық форумына қатысты.

Форум жұмысы барысында Қазақ делегациясы Еуропалық және Азиялық тұрақты даму үрдістерін бірыңғай Еуразиялық үрдіске қосу жөніндегі бастаманы, сондай-ақ 2012 жылғы Үшінші Әлемдік тұрақты даму басқосуды Қазақстанда өткізуді ұсынды.

22 маусым – ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссияның Төрағасы С.Тұрсыновтың, ОСК және Омбудсман офисі мүшелерінің Варшавадағы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ штаб-пәтеріне іссапармен барды.

25-27 маусым – ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев сөз сөйлеп, БАҚ бойынша заңнаманы жетілдіру мен ақпараттық қамсыздандыру саласындағы жаңартулар жөнінде баяндады. Сонымен қатар Е.Ертісбаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришанбомен, БАҚ еркіндігі жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі М.Хараштимен және ЕҚЫҰ жанындағы делегация басшыларымен кездесті. 

10-12 қыркүйек – ЕҚЫҰ жанындағы Бельгия Елшісінің (Б.де Кромбрюгге), Словакия Елшісінің (П.Лизак) и Швеция Елшісінің (В.Бард Брингус) Астана және Алматы қалаларына іссапары болды. ҚР Парламенті Сенатында, Президент Әкімшілігінде, СІМ және ОСК-да кездесулер өтті.

5-6 қараша – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директоры Астанаға іссапар жасап, Президент Әкімшілігінде, Адам құқығы жөніндегі комиссиясында, Жоғарғы Сотта, СІМ-де және ОСК-да  кездесулер өткізілді. Кездесудің мақсаты 2007 жылғы 30 қазанда басылып шыққан 2007 жылғы 18 тамызда өткен Парламенттік сайлауға бақылау жасау жөніндегі ДИАҚБ миссиясының қорытынды есебін таныстыру, сондай-ақ тиісті есепте көрсетілген ұсыныстар негізінде одан әрі өзара ықпалдастықтың жолдарын (follow-up) талқылау болды.

29-30 қараша – ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің басшылығымен қазақстандық делегация Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-ші мәжілісінің жұмысына қатысты. Күн тәртібінің басты мәселелерінің бірі Ұйымға төрағалық ету туралы Қазақстанның өтінімі жөнінде ортақ келісімге келу болды.

Келіссөздер нәтижесінде 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі туралы келісімге қол жеткізілді. СІМК тиісті шешімі мәтінінен оны орындауды кейінге қалдырудың айқын немесе жасырын механизмдері, қандайда бір талаптар алынып тасталды.

Көбіне төрағалық туралы шешім Қазақстанның демократиялық қоғам құрудағы және нарықтық экономиканы ырықтандырудағы айқын жетістігін мойындау болып табылады. ЕҚЫҰ қатысу-елдерінің консенсусы саяси тұрақтылық пен сыртқы саяси бағыттың айқындылығын қамтамасыз еткен еліміздің сыртқы және ішкі саясатын мойындауға негізделген. 

            Бірнеше себептерге байланысты бұл тарихи және теңдессіз шешім. Осылайша, ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасайды. Әдетте ЕҚЫҰ төрағалары қатарында Еуроодаққа мүше не үміткер атанған Батыс Еуропа мемлекеттері басым болған. Мұндай жоғарғы дәрежелі орынға бұрын ТМД елдерінің ешқайсысы үмікер де бола алмады.

            Қазақстанның төрағалығы туралы шешім Ұйымға қатысушы барлық елдің шынайы тең құқылы екенін дәлелдеді.

Жалпы алғанда өңірлік беделді форумдардың бірінің төрағасы статусы Қазақстанды жаңа әлемдік жүйеде жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Орта және ұзақ мерзімді перспективада бұл басқа да халықаралық құрылымдардың шеңберінде, ең алдымен  БҰҰ, сондай-ақ АҚШ, Еуропа мен Азияның жетекші елдерімен қарым-қатынаста Қазақстанның беделіне оң ықпалын тигізеді.

 

2008 жылы:

28-29 қаңтар – ҚР делегациясы ЕҚЫҰ-ның 16-шы Экономикалық және экологиялық форумның 1-шы жартысында қатысты.

6-7 наурыз – Ашгабад қаласында ЕҚЫҰ-ның 16-шы Экономикалық және экологиялық форумға дайындық Конференциясы өтті.

21-22 сәуір – Астана қаласында ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға ЕҚЫҰ Хатшылығының, Ұйымда бұрын төрағалық еткен мемлекеттер Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, еуропаның зерттеу және білім беру орталықтарының басшылары қатысты. Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдалынды.

16 мамыр – Астана қаласында ЕҚЫҰ тақырыбына қатысты Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде қазақстан-ресей екіжақты кездесуі өтті.

1-2 маусым – Хельсинки қаласында (Финляндия Республикасы) ЕҚЫҰ-ға төраға елдер «Квинтетінің» (Испания, Финляндия ,Грекия, Қазақстан және Литва) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

29 маусым – 3 шілде – кезеңінде Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның 17-ші жыл сайынғы Парламенттік ассамблеясының сессиясы өтті.

Қазақстан ЕҚЫҰ-да 2010 жылы Төрағалық етуі шеңберінде осындай көрнекті жиналыстың Астана ұйымдастырылуы, парламентаралық байланыстардың тереңдетілуіне және еліміздің аймақтық және ғаламдық ауқымда беделінің өсуіне зор үлесін қосты.

Бұл шара ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырылуына және ЕҚЫҰ-ның халықаралық алаңында көшбасшылық рөлін арттыруына ықпал етеді.

Сессияның салтанатты ашылуында ҚР Президенті Н.Назарбаев, ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев, Мәжіліс Төрағасы А.Мусин және ЕҚЫҰ ПА Президенті Г.Леннмаркер сөз сөйледі.

Ассамблеяның соңғы жұмыс күнінде Португалияның өкілі Ж.Соареш ЕҚЫҰ ПА Төрағасы болып, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Төраға орынбасары жоғарғы лауазымдарына сайланды.

Сессия жұмысында Еуропаның, Азияның, Американың 50-ден астам елдерінен 500-ден астам делегаттары және халықаралық, парламенттік ұйымдардың өкілдері қатысты.

29-қыркүйек – 10 қазан – Варшавада қаласында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның (ЕҚЫҰ ДИАҚБ – ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросы) Ұйымға қатысушы мемлекеттердің адам өлшемі саласындағы міндеттемелерін орындау жөнінде жылсайынғы кезекті кеңесі өтті. Форумның жұмысы барысында ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, Парламент Сенатының депутаттарымен қоса Жоғарғы Сот, Әйелдер және жанұйя-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы, Адам құқығы жөніндегі комиссиясының өкілдері әр түрлі бірлескен сессиялары шеңберінде ресми баяндама жасап, сонымен қатар көптеген пікірталасстар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысып, адам өлшемінің әр алуан аспектілері бойынша мемлекеттің ұстанымын түсіндіріп қорғады.

15-16 қазан – ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілікке және дискриминацияға қарсы дербес өкілі О.Орхун Астана қаласына ресми сапармен келіп қайтты. Іссапар шеңберінде О.Орхун мұсылмандардың жағдайы жөніндегі есепті дайындау мақсатымен Бас прокуратура, Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталығы, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрліктерінің басшыларымен кездесті. 

4-5 желтоқсан – Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ның 16-ші Сыртқы істер Министрлері Мәжілісі (СІММ) өтті, оған Сыртқы істер Министрі М.Тәжиннің басшылығымен қазақстандық ресми делегациясы қатысты

СІММ шеңберінде Министр ЕҚЫҰ Бас Хатшысы М.П. де Бришамбо, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президентті Ж.Соареш және АҚШ, Грузия, Кипр, Нидерланды, Норвегия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания делегация басшыларымен бірқатар екі-жақты кездесулер өткізді.

Форумнын негізгі тақырыптары: ЕҚЫҰ-ны реформалау үдерісі, Еуропадағы қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы мен келешегі және Оңтүстік Кавказдағы болған тамыздық дағдарысы мен оның зарбалтары.

 

 

 

2009 жылы:

2009 ж. 18-21 ақпанда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың басшылығымен  қазақстан делегациясы жыл сайынғы ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының Венадағы қысқы сессиясына қатысып қайтты. Сессия барысында «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарламасы. таныстырылды.  

 

Ү.ж. 16-17 наурыз кезеңінде Тирана қаласында (Албания) ЕҚЫҰ-ның «Көші-қонды басқару және оның ЕҚЫҰ өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі экономикалық және экологиялық саясаттағы рөлі» атты XVII Экономикалық-экологиялық форумның 2-ші  даярлық конференциясы өтті.

            Конференция жұмысына ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің және ҚР-дың Венадағы Тұрақты өкілдігінің өкілдері қатысты.

 

2009 ж. 17 наурызда Брюссель қаласында ірі еуропалық құрылымдар – ЕҚЫҰ мен ЕО «үштігінің» басшы органдарының бірлескен мәжілісі өтті. Оған Сыртқы істер министрі М.Тәжин бастаған қазақстан делегациясы қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, Грузияда, Батыс Балқан, еуропалық қауіпсіздіктің болашағы жөніндегі бастамалар секілді мәселелер бойынша пікір алмасулар өткізілді.

Пікірсайыстар тараптардың қазіргі уақыттың саяси және қаржылық негіздері табанды түрде талап етіп отырған аса өзекті өңірлік проблемалар жөніндегі сындарлы диалогты ілгерілетуге әзір екендіктерін көрсетті.

Кездесудің қорытындысы Қазақстанның қатысуымен алғашқы рет өткен ЕҚЫҰ-ЕО форматындағы консультациялардың сыннан өткен тетіктерінің маңыздылығын және қажеттілігін растады. Сонымен қатар, мәжіліске қатысушылар еуропалық қауіпсіздік жөніндегі тақырып ЕҚЫҰ шеңберінде де, сондай-ақ осы форматтың сыртында да талқылана алатындығын бірнеше мәрте атап өтті.

 

2009 ж. 27-30 сәуірде ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттары мен адам құқықтары бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) директоры Я.Ленарчичтің Қазақстанға ресми сапары өтті. Аталған сапардың мақсаты Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне, сонымен қатар ҚР мен ДИАҚБ-ның ынтымақтастығы мәселелерін талқылау болды.

Сапар шеңберінде Я.Ленарчич ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевпен, ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.Әшімбаевпен, ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшелерімен, ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжинмен, ҚР Ортылық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұловпен, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы С.Тұрсыновпен, сонымен қатар ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А.Шәкіровпен кездесті.

             Келіссөздердің барысында заң шығарушылық реформасы саласындағы ынтымақтастық, сонымен бірге, Қазақстан қабылдаған ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемдегі міндеттемелерін орындау мәселелері талқыланды.

Жалпы алғанда, Я.Ленарчич Қазақстан мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ арасындағы  ынтымақтастықты оң сипаттады және қазақстандық төрағалыққа барынша қолдау көрсететінін білдірді.

 

2009 ж. 29 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары К.Жигалов ҚР мен Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомстволары арасындағы ЕҚЫҰ мәселелері жөніндегі консультациялар шеңберінде Ұлыбританияның Сыртқы істер министрінің Еуропа істері жөніндегі орынбасары К.Флинтпен, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрінің Тұрақты орынбасары Сэр П.Риккетспен, ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясындағы британ делегациясының лидері Т.Ллойдпен және Форин Офисі түрлі департаменттерінің директорларымен бірқатар келіссөздер жүргізді.

Соның ішінде Молдавиядағы ахуалды және энергетикалық қауіпсіздікті (Ресей Федерациясынан газды жеткізу) қоса алғанда, кең ауқымды мәселелер бойынша әртүрлі пікір алмасулар болып өтті. Британ тарапы адам құқықтарын ілгерлету және демократияландыру ЕҚЫҰ жұмысының маңызды аспектілері болып табылатындығы жөнінде пікір айтты. К.Жигалов ЕҚЫҰ-ның бүкіл үш өлшемнің міндеттерін тиімді орындау жөніндегі Қазақстан ниетін растады. Жалпы алғанда,  бірегей геосаяси маңыздылығын ескере отырып, британдық тарап Қазақстанның 2010 ж. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қолдады және «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын орындауға көмек беруге әзір екенін білдірді.

Британ тарапы  Қазақстанды нақтылы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында реалистік міндеттерді сәйкестендіруге шақырды.

 

2009 жылғы 18-20 мамырда Афины қаласында ЕҚЫҰ-ның «Көші-қонды басқару және оның ЕҚЫҰ өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі экономикалық және экологиялық саясаттағы рөлі» атты 17-ші Экономикалық-экологиялық форумынының екінші бөлігі өтті. Аталған іс-шараға қазақстанның далегациясы қатысты.

            Форумның күн тәртібіне заңды және заңсыз көші-қон, көші-қонның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясаттағы рөлі мен байланысы, көші-қонды басқару саласындағы серіктестік пен мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері және көші-қонның басқа да аспектілері енді.

2009 ж. 26-27 мамырда Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар мәселелері жөніндегі Жоғарғы Комиссары (АҰЖК) К.Воллебектің жұмыс сапары болды. Жұмыс сапарының мақсаты ҚР мен АҰЖК-нің Қазақстанның 2010 ж. ЕКЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында ҚР мен АҰЖК ынтымақтастығы, сондай-ақ Жоғарғы комиссардың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған «Көп ұлтты қоғамдағы әлеуметтік интеграцияны заңды тұрғыда қамтамасыз ету» атты семинарға қатысу мәселелерін талқылау болды.

 

2009 ж. 27 мамырда Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саясат ведомстволарының арасында ЕҚЫҰ және НАТО тақырыбы бойынша консультациялар өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары К.Жигалов басқарды.

 

Сапардың басты мақсаты Қазақстанның 2010 ж. төрағалығының ықтимал басымдықтарына Ресей Федерациясының қолдау көрсетуін пысықтау болды. Консультацияның нәтижесі бойынша ресей тарапы жаңа қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру, Ауғанстанмен ынтымақтастық бойынша, көліктік мәселелер, толеранттылық тақырыптары салаларындағы және басқа да біздің ұсыныстарымызды қолдайтыны жөнінде мәлімдеді.

ЕҚЫҰ-ның күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу нәтижелі өтті. Қазақстан делегациясы Ресейдің «уақытша тоқтатылған» жанжалдар және ЕҚЫҰ-ның реформасы сияқты көзқарастарымен танысты, бұл «үлкен» елдердің мұдделерін ескере отырып және Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының аталған мәселелер жөніндегі теңдестірілген және сараланған саясат әзірлеуіне мүмкіндік береді.

 

2009 ж. 26 маусымда СІМ-де ЕҚЫҰ-ның Экономикалық-экологиялық қызметі жөніндегі үйлестірушісі Г.Свилановичпен кездесу болып өтті, сондай-ақ бұл кездесуге ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық қызметінің экономика мәселелері жөніндегі Үйлестірушісі Офисінің (ЭЭМҮО) экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Н.Линдрус Кополо және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының өкілдері қатысты.

             Кездесу барысында Офистің құзыреті шеңберіндегі ынтымақтастықтың, сондай-ақ алдағы өтетін ЕҚЫҰ-ның 18-ші ЭЭМҮО-ға алғашқы дайындық конференциясының негізгі модальдықтары және тұтас Форумның жалпы мәселелері талқыланды.

Г.Свилановичтің Астанада өткен ресми сапарының шеңберінде ҚР Көлік және коммуникация министрінің орынбасары А.Бектұров, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы Т.Дүйсенова, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су қорлары жөніндегі комитетінің төрағасы А.Кеншімов және Аралды құтқару жөніндегі  Халықаралық Қордың атқарушы комитетінің төрағасы С.Ибатулинмен кездесулер ұйымдастырылды.   

 

2009 ж. 27-28 маусым аралығында Грециядағы Корфу аралында ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесулері өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты еуропалық қауіпсіздігінің болашағы және оны нығайту жөніндегі соңғы бастамаларды талдау болды.

Ортақ пікір бойынша, қауіпсіздік туралы сұхбаттасуға арналған лайықты орын ЕҚЫҰ болып табылады, себебі ондағы еуроаталантикалық та,  еуроазиялық та қатысушылар Ұйымның қызметіне барлық үш өлшем бойынша тартылған. ЕҚЫҰ базасында олар келіссөздер жүргізе алады, сондай-ақ оны басқа құрылымдармен ақпарат алмасу үшін қолдана алады.

Сонымен бірге Мәскеу қауіпсіздіктің жаңа сәулетін талқылауға қауіпсіздіктің басқа құрылымдарын (НАТО, ҰҚШҰ, ТМД, ЕО, АП, ЕҚЫҰ) белсенді түрде тартуды қажет деп есептейді.

Бейресми министрлік кездесу ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің сенім және ашықтық жағдайын қайта қалпына келтіру, ЕҚЫҰ-ның барлық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір кезгі тиімді құралдарын қайта жандандыру және оларды әрі дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстарының басы болды.

 

Ү.ж. 30 шілдеде Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ Съезінің қарсаңында ЕҚЫҰ-ның Жерортатеңіздік серіктестермен ынтымақтастық тобына төрағалық ету шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған толеранттылық пен кемсітпеушілік жөніндегі семинар өтті. Аталған іс-шараға ЕҚЫҰ Жерортатеңіздік байланыс тобының (Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис) өкілдері қатысты. Семинардың негізгі міндеті толеранттылық және кемсітпеушілік құндылықтарын ілгерілету, сондай-ақ ЕҚЫҰ кеңістігінде және Ұйымның Жерортатеңіздік аймақта осы саладағы ынтымақтастықты тереңдету болып табылды.

Семинар шеңберінде қатысушылар толеранттылық салсынадағы өздерін толғандыратын мәселелерді ашық талқылай алды, сондай-ақ өз елдерінің этникааралық және дінаралық диалогтарын және еңбек көшіп-қонушыларының құқықтарын қорғауды ілгерілету тәжірибелерімен бөлісе алды. Бұл ретте, Семинар Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі күн тәртібінің гуманитарлық құндылықтарын қалыптастыруға қомақты үлес қосты.

Ү.ж. 1 шілдеде Астана қаласында ҚР Ішкі істер министрлігі ЕҚЫҰ-ның Полицей қызметінің стратегиялық мәселелері бөлімімен (ПҚСМБ) және Астанадағы Орталығымен бірлесіп «Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Орталық Азияның құқық қорғау органдарының өңірлік ынтымақтастығын күшейту» атты өңірлік конференция өткізді. ПҚСМБ іс-шараларының қорытындысы бойынша Ұйым құрамына Орталық Азия елдерінің, мүмкін, Ауғанстанның да, құқық қорғау органдарының өкілдері кіретін өңірлік жұмыс тобын құруға қолдау көрсетуді қамтамасыз ете алар еді деген пікір айтылды.

 

2009 жылғы 9-10 шілде аралығында Вена қаласында «Діни және рухани бостандық» тақырыбына арналған гуманитарлық өлшем жөніндегі екінші қосымша мәжілісі болып өтті. Аталған іс-шараға СІМ, МАМ және ӘМ өкілдерінен құрылған қазақстандық делегация қатысты.

Мәжіліс қатысушылары діни және рухани бостандығын қамсыздандыру саласында мәселелердің талқылау, сонымен қатар діни қауым мен мемлекет арасында диалог орнату, діндарлар мен имансыздардың арасында теңдестік және БАҚ-тың осы салада мәнін анықтау қажеттілігін белгіледі

Аз ұлттар мәселелері бойынша ЕҚЫҰ-ның Жоғары комиссарының демеуімен 3-4 қыркүйек кезеңінде Гаага қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы және Нидерланд пен Қазақстан мемлекеттік органдары өкілдерінің, сондай-ақ ЕҚЫҰ институттарының қатысуымен, конфессия және этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі тақырыбына кеңейтілген семинары болып өтті.

Сапар барысында, аз ұлттардың әлеуметтік-саяси өмірмен интеграция саласында Нидерландтың білім және ғылыми-зерттеу алқаның өкілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында қазақстандық делегация Фрисланд Академиясына (Луварден қаласы) келіп кетты.

Жалпы, қазақстандық делегацияның Нидерландқа сапары этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін халықаралық деңгейде ілгерілетуіне және мемлекеттік ұлттық саясаты мәселелер жөнінде ой-пікірлермен алмасуға болысты.

 

2009 жылғы 17-18 қыркүйек кезеңінде 2010 жылғы ЕҚЫҰ-да ҚР төрағалағына дайындалу шеңберінде жоспарланған, ҚР СІМ-нің ЕҚЫҰ арнуалы тобына (OSCE Task Force) арналған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ брифингі болып өтті.

Брифингте ЕҚЫҰ тарапынан ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директорының орынбасары Д.Уэйк, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы А.Кельчевский және оның орынбасары Ж.Клетцер, сонымен қатар Бюроның  тақырыптық департаменттерінің өкілдері қатысты. Аталған тұлғалар 2010 жылға арналған ДИАҚБ-ның жоспарланған қызметі туралы ақпаратты берды және ҚР СІМ-нің сарапшыларымен консультацияларды өткізді.

Брифинг, 2010 жылда ЕҚЫҰ-да Қазақстанның төрағалығы барысында аталған институтпен конструктивті қарымқатынасты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс байланыстарды жайғауға және орнықтыруға болысты.

 

20-23 қыркүйек кезеңінде Аз ұлттар мәселелері бойынша ЕҚЫҰ-ның Жоғары комиссары К.Воллебектің Қазақстанға сапары болып өтті.

Сапар барысында К.Воллебек, Қазақстан халқы Ассамблесы мен ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер казақстандық институты ұйымдастырған «Қазақстандық этностардың әлеуметтік-саяси өмірде қатысуы. Консультативтік органдардың мәні мен тимділігі: Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі» атты семинарға қатысты.

Сонымен қатар сапар барысында К.Воллебек Алматы мен Оң түстік Қазақстан облыстарына келіп кетты, қала және облыстық басшылығымен кездесті сондай-ақ ұйғыр және өзбек тілінде оқытылған мектептерінің оқытушылар құрамымен, оқушыларымен олардың ата-аналарымен кездесті.

 

Ү.ж. 22 қыркүйекте Мәскеуде жаңа қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес және Ауғанстан жөніндегі салада ЕҚЫҰ-дағы өзара іс-қимыл тақырыбы жөніндегі қазақстан-ресей СІМ-аралық консультациялар болып өтті. Қазақстан тарапы Қазақстанның 2010 жылы есірткіге және терроризмге қарсы ынтымақтастықты жандандыру, ЕҚЫҰ-ның полицейлік қызметін жетілдіру жөніндегі көзқарастарын жеткізді. Сондай-ақ Ауғанстан проблемасын шешуге Ұйымды тарту мәселесі жөніндегі пікір алмасулар болды.

 

Ү.ж. 24-25 қыркүйекте Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне дайындық шеңберінде ҚР СІМ делегациясы ЕҚЫҰ-ның Оңтүстік Кавказдағы далалық миссияларының басшылары кеңесіне қатысты. Форумда басты назар өңірдің саяси, экономикалық және гуманитарлық проблемаларына, сондай-ақ оның негізгі мәселесі – Таулы Қарабақ жанжалына аударылды. ЕҚЫҰ-ның Бакудегі және Еревандағы миссияларының басшылары жанжалдасушы тараптардың оны ықтимал реттеуге қатысты көзқарастарына талдау жасады.

Үстіміздегі жылғы 28 қыркүйек 9 қазан кезеңінде Варшава қаласында ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі саласындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі кеңесі қазақстандық ресми делегацияның қатысуымен болып өтті.

Форум барысында адам өлшеміндегі бірқатар мәселердің талқылануы орын алды, олардың ішінде: құқықтың ұлыстылығы, демократиялық сайлаулар, діни және рухани бостандық, ой-пікірді білдіру бостандығы мен еркін БАҚ, гендер теңестігі, адам саудасы және тағы басқалары.

Сондай-ақ, аталған іс-шара шеңберінде Қазақстан тарапы «Қазақстан Республикасында діни бостандық» және «2009-2012 жылдарға арналған ҚР адам құқығы саласында іс-әрекеттердің Ұлттық жоспарының презентациясы» атындағы екі қосымша мәжіліс өткізді.

 

  Жариялаған күні: 2009-10-10

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ҚР СІМ министрі Марат Тәжиннің жасаған баяндамасы
ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің «Хабар» агенттігінің «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбаты.
ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС