ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР



Ислам Конференциясы Ұйымымен ынтымақтастығы туралы

 

1995 жылы Қазақстан ең iрi үкіметаралық мұсылман халықаралық ұйымның - Ислам Конференциясы Ұйымының толық құқылы мүшесі болды.

 

Қазақстан мен ИКҰ ынтамақтастығы жемiстi дамуда. Бiздiң еліміздің Ұйымдағы мүшелiгі ИКҰ-ға мүше мемлекеттермен тиімді байланыстарды орнатуға, ислам кеңістігінде саяси және экономикалық үдерістерге ҚР-дың  белсенді қатысуына, сондай-ақ Қазақстанда ірі экономикалық жобаларды іске асыруға қаржылық қорларды тартуға мүмкіндік жасады.  

 

ИКҰ халықаралық аренада қазақстандық бастамаларға, атап айтқанда, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері құрылтайына қолдау көрсетуге өзінің үлесін қосуда. ИКҰ өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілету саласында Қазақстанның үйлестірушілік рөлін мен еліміздің «Шығыс-Батыс» желісі бойынша қатынас көпірі ретінде мойындауда. Жыл сайын СІМК шешімдеріне Арал теңізі және Семей ядролық полигонының мәселелерін шешуге халықаралық қатысудың маңыздылығы жөнінде сілтеме енгізілуде.

 

ИКҰ қаржылық құрылымдарымен, атап айтқанда, мұсылман әлемінде ең ірі инвестор болып табылатын Ислам даму банкімен ынтымақтастықты үдету қызметтесудің маңызды аспектісі ретінде мойындау қажет. ИДБ-ның Қазақстандағы жалпы инвестициялық портфелі шамамен 700 млн. долларды құрайды. Қаржыны тартумен қатар, ИДБ тобының институттары еліміздегі исламдық банкингтің дамуына елеулі консультативтік көмек көрсетуде.

 

ИКҰ-ның арнайы, субсидиарлы және аффилирленген институттарымен байланыстардың дамуы зор қызығушылыққа ие болуда. Республиканың ұлғайып бара жатқан әлеуетін мойындай отырып, Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитеті төрағасының орынбасары болып сайланған. КОМСЕК Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ілгерілеуі үшін жауапты ИКҰ-ның басты органы болып табылады. Аталған органның басшылығымен ИКҰ кеңістігінде преференциалдық сауда жүйесін  енгізу, тарифтік саясатты келістіру, әртүрлі кластерлерді құру, өнеркәсіпті, қаржылық және банк жүйелерін, туризмді, ауыл шаруашылығын қолдау бойынша ірі жобалар іске асырылуда.

 

ИКҰ Орталық Азиямен ынтымақтастығы жөніндегі арнайы бағдарламасын дайындауды қолдауда. Аталған жоба Орталық Азия үшін де, мұсылман қоғамдастығының елдері үшін де өзара мүддені құрайтын өнеркәсіптік жобаларды іске асыруда, сауда операцияларын, инвестицияларды ынталандыруда Ұйым тарапынан қолдауды мен қызметтесуді көздейді.

 

Қазақстан мәдениет, білім, ғылым және технологиялар салаларын ИКҰ-мен ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыруда. Осы тұрғыдан Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастықты орнату Қазақстанға мәдени мұра ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру, ислам әлемі елдерінің тілдерін, тарихы мен мәдениетін зерттеу мен оқыту саласында тәжірибемен алмасу сияқты ұлттық жобаларды сәтті іске асыру мүмкіндігін береді. 2010 жылы ИСЕСКО шеңберінде қабылданған 2015 жылы Алматыны «Азиядағы ислам мәдениетінің астанасы» етіп жариялау ИКҰ елдерімен гуманитарлық байланыстардың кеңеюіне күшті импульс береді.

 

Жалпы алғанда, ҚР және ИКҰ ынтымақтастығының 15-жылдық кезеңіне шолу жасап, қатынастар дамуының үдемелі сипатын атап өту қажет. ИКҰ-ға мүше-елдер мен Ұйымның Бас хатшылығы Қазақстанның маңызды рөлін мойындауда.

 

 

Жарияланған күні: 2011-06-02

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС