ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҒАЛАМДЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК



АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ КЕҢЕСІ

Негізгі мәліметтер

Ресми атауы: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК).

Құрылу күні: АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды.

Мәртебесі: Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша пікірлесу, келіссөздер жүргізу және келісімге келу негізінде шешім қабылдау мен шаралар қолдану жөніндегі мемлекетаралық форум, БҰҰ Бас Ассамблеясы жанында бақылаушы (2007 жылғы желтоқсан)

Қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты: Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты көзқарасты пысықтау жолымен ынтымақтастықты нығайту.

Мүше мемлекеттері: Ауғанстан, Әзербайжан, Вьетнам, Израил, Иордания, Ирак, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, Корей Республикасы, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Мысыр, Өзбекстан, Палестина, Пәкістан, Ресей, Таиланд, Тәжікстан, Түркия, Үндістан.

Бақылаушылары: АҚШ, Бангладеш, Жапония, Индонезия, Қатар, Малайзия, Украина (мемлекеттері); БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ (ұйымдар).

Төраға мемлекеті: Түркия Республикасы (маусым 2010-2012 жж.).

АӨСШК құрылымы мен инститтары:

Саяси органдары: 1) Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), 2) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), 3) Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым).

Көмекші органдары: 1) АӨСШК Атқарушы директоры модераторлық ететін түрлі тақырыптағы Арнаулы жұмыс топтары (АЖТ) 2) Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК).

Әкімшілік органы: Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры – Елші Ч.Алдемир (Түркия), Атқарушы директордың орынбасары Қ.Тумыш (Қазақстан), кәсіби персонал (Қазақстан, Түркия, Ресей, Үндістан және Иран).

Басты кездесулері: I-ші СІМК (1999), Бірінші Басқосу (2002), IІ-ші СІМК (2004), Екінші Басқосу (2006), IІІ-ші СІМК (2008), Үшінші Басқосу (2010).

Құрылу құжаттары:  АӨСШҚ-ға мүше-мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер декларациясы (1999-жылы АӨСШҚ-нің сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002-жылы АӨСШҚ-нің мемлекет және үкімет басшылары қол қойған).

Негізгі құжаттары: Сенім шаралары тізімдемесі, Рәсім ережесі (2004 жылы қабылданған). АӨСШҚ Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (ҚР тарыпынан 2006 жылы қол қойылып, 2007 жылы ақпан айында бекіткен; Мемлекетішілік процедуралары Әзербайжан, Израил, Корей Республикасы, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, және Үндістан өткізді). АӨСШҚ  Рәміздер туралы ережесі, Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен Ұстаным, АӨСШҚ-ның Сыртқы байланыстары ережесі (2007 жылы қабылданған), Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісім (Қазақстан 2007 жылы қол қойып, 2008 жылдың наурыз айында бекіткен).

Саяси декларациялары: Ланкестікті жою және өркениеттер арасындағы сұхбатты дамыту декларациясы (2002-жылы), Сыртқы істер министрлері 2-ші Кездесуінің декларациясы (2004-жылы), Мемлекет және үкімет басшыларының II Басқосуының декларациясы (2006-жылы), Сыртқы істер министрлер 3-ші Кездесуінің декларациясы (2008-жылы),  Мемлекет және үкімет басшыларының IIІ Басқосуының декларациясы (2010-жылы).

Ресми мерекесі: 5 қазан (АӨСШК күні).

Ресми құжаттардың тілі: ағылшын тілі.

Жұмыс тілдері: ағылшын мен орыс тілдері.

АӨСШК Хатшылығының ресми сайты: www.s-cica.org 

 

Тарихи шолу

 

АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды.

Бастаманың негізгі мақсаты - Азия құрылығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ертеректе табысты бола алмай қалған тиімді де әмбебап құрылымын жасау жолындағы талпыныстарды қайта жаңғыртуға ұмтылу, өйткені, қазіргі таңға дейін, әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда, осындай құрылым әлі күнге дейін қалыптасқан жоқ. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар (БҰҰ, АМЛ, ЕҚЫҰ) мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты.

Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

 

Әзірлеу үдерісі. 1993-1994 жылдар аралығында Азия елдері СІМ сарапшыларының кездесулері өтіп, «Азия кеңесі рәсімдер ережелері», «Азия кеңесі принциптерінің декларациясы» және «Азия кеңесі құрылымдары мен институттары» атты Азия кеңесінің базалық құжаттарын жасап, әзірлеу үшін Арнайы жұмыс тобы (АЖТ) құрылды.

1996-1997 жылдары Азия кеңесі сыртқы саяси басшыларының орынбасарлары деңгейінде Алматыда екі Кеңес өткізілді.

В октябре 1998 жылғы қазанда Алматы қаласында АӨСШК мәселелері бойынша 12 мемлекеттен келген 24 сарапшыларының қатысуымен халықаралық коллоквиум өтті.

 

Азия кеңесінің Бірінші СІМК-і. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда өткен Азия кеңесіне мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің I-ші кездесуінде және оның барысында мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін принциптер Декларациясына қол қойылуы - Азияда қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көп жақты тетігін құру жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың ұсынысынан бергі уақыттағы қазақстандық дипломатияның ірі жетістігі болып табылады. Осылай, алғаш рет аймақтағы бірқалыптылықты қамтамасыз ететін нақты қимылдар мен іс-шараларға негізделген азиялық қауіпсіздік жүйесінің заңдық негізі қаланды.

 

Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы. 2002 жылы 4 маусымда Алматыда Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы болып өтті.  Осы Басқосуға Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан Президенттері, Әзірбайжан және Үндістан Премьер-Министрлері, Иран, Мысыр, Палестина және Израильдің өкілетті ресми тұлғалары, бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина және Корей Республикасының өкілдері, бақылаушы ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ басшылары қатысты.

Басқосу барысында Алматы Актісіне, Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа  қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды.

 

Азия кеңесінің Екінші СІМК-і. 2004 жылы 22 қазанда Алматыда Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің II-ші Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Сенім шаралары тізімдемесінің, Рәсімдер ережесінің және Азия кеңесі Министрлік кездесуінің декларациясының қабылдануы Министрлер кездесуінің басты нәтижесі болды.

 Бұл кездесу қарсаңында Таиланд Корольдігінің Азия кеңесіне он жетінші мүше-мемлекеті болып қабылдануы айтарлықтай оқиға болды.

Қатысушылардың пікірінше, қабылданған Азия кеңесі Сенім шаралары тізімдемесінің маңыздылығына баға беру оңай емес. Қауіпсіздік пен бірқалыптылық мәселелері бойынша көпжақты қарым-қатынасты көздейтін құжаттың қабылдануы Азия құрлығының тарихында бірінші рет болып отыр.

Декларацияда аймақ пен әлемдегі қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің ұстанымдары мен бір ымыралы көзқарастары көрініс тапты. Делегация басшылары шешілмеген мәселелерді және сенім шараларын іске асыру жөніндегі бағыттарды айқындау туралы тізімдемеде бекітілген ортақ әдістерді пайдаланудың маңыздылығын арнайы атап өтті.

 

Азия кеңесінің Екінші Басқосуы 2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында өтті. 4 жыл бұрын Бірінші Басқосуды өткізу мен Азия кеңесін қалыптастырған құжатқа (Алматы актісі) қол қоюдан бастап, Кеңестің істері мен мақсаттары әлем қауымдастығында кең көлемді қолдау мен түсінушілік тапты. Таиланд Корольдігі (2004 жылы) және Корей Республикасы (2006 жылы) сынды аймақтағы беделді елдердің Кеңеске толық құқықты мүше болып қосылуы бұған дәлел болды. Сөйтіп, Азия кеңесі диалогқа бағытталған форум ретінде Азия құрлығында үлкен сұранысқа ие болып отыр. 

Басқосу барысында көп ауқымды саяси құжат – Азия кеңесі Екінші Басқосуының декларациясы қабылданып, форумның институттану жолындағы негізгі құжаты – Азия кеңесі Хатшылығы туралы келісімге  қол қойылды.

Декларацияда Кеңеске мүше мемлекеттердің азиялық өңір және әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық көкейкесті мәселелеріне ортақ көзқарасы, күн тәртібіндегі мәселелерді шешу барысында әмбебап ұстанымды қолдану және оны дамыту, 2004 жылғы Азия кеңесі сенім шаралары тізімдемесіне кірген шараларды іске асыру және үдерістің одан әрі дамуы қажеттілігіне көңіл бөлінді. 

Кеңестің тұрақты негізде қызмет ететін органы - Хатшылықты құру туралы шешім 2002 жылы II-Басқосу кезінде  қабылданды. Азия кеңесі хатшылығы туралы Келісімгі сәйкес, Хатшылықтың штаб-пәтері  Алматы қаласында орналасты.

 

Сенім шараларын жүзеге асыру

 

2007 жылы 12-14 наурыз аралығында Бангкок қаласында өткен АЛТК-ның отырысында «Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен ұстаным» атты құжат қабылданды. Аталған құжат АӨСШК-нің Сенім шаралары тізімдемесін және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға және Тізімдеменің жеке бағыттарындағы жұмыстарды айқындауға арналған әр түрлі жобаларды іс-жүзінде іске асыруға жол ашты.

2007 жылы 22-23 желтоқсанда Тегеран қаласында наркотрафикке қарсы күрес аясында сенім шаралар жөніндегі Бірінші МСК өтсе, 2008 жылы 31 қаңтар және 1 ақпан аралығында Анкара қаласында жаңа қауіп қатерлерге қарсы күресу аясында сенім шараларды іске асыру мәселелері жөніндегі МСК өтті. Бұл іс-шараларда аталған бағыттар бойынша тұжырым жобалары әзірленді.

2008 жылы 6-7 мамырда Алматы қаласында АӨСШКның АЖТ кезекті отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды: Сенім шаралары тізімдемесін іске асыру, Азия кеңесі Хатшылығының дамуы, АӨСШК IІІ-ші сыртқы істер министрлерінің кездесуіне дайындау.

2008 жылы 11 маусымда Сеул қаласында ҚР Корей Республикасындағы Елшісі Д.Бақышевтің төрағалығымен АЛТК-ның кезекті отырысы өтті. Осы кездесуде алдағы IІІ-ші СІМК-нің күн тәртібі мен бағдарламасының жобалары қабылданды, сонымен бірге IІІ-ші СІМК-нің декларациясы бойынша пікірталас болды.

2008 жылы 27-28 қыркүйекте Душанбе қаласында АӨСШК мүше мемлекеттер арасында туризм саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі Концепция жобасын талқылауға арналған МСК өтті.

2008 жылы 26-29 қазанда Тель-Авив қаласында Азия кеңесінің озат ауыл шаруашылығы бойынша семинар өтті. Аталған семинарда сарапшылар ауыл шаруашылығы саласындағы ұлттық тәжірибелер, жаңа технологиялар  және тиімді даму әдістерімен алмасты.

2008 жылы 4-6 қарашада Алматы қаласында АӨСШК-нің Қаржы сарапшыларының кездесуі өтті.

Гуманитарлық өлшемдегі  АӨСШК сенім шараларын іске асыруда үйлестіруші орган - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен осы өлшемдегі 2008-2009 жж. араналған іс-шаралар жоспарын және тұжырымдаманы іске асыруда. Аталған жоспарға сәйкес 2008 жылда Қазақстан аумағында екі халықаралық конференция өтті:

2008 жылы 27 маусымда Алматы қаласында Қазақстан халықтары ассамблеясымен бірлесіп, Министрлік Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, «Толеранттық және дінге еріктілік Орта Азияның жетістігі ретінде» атты халықаралық конференция өткізілді;

2008 жылғы 12 тамызда Астана қаласында Президенттік мәдениет орталығында  «Орталық Азия елдеріндегі мәдениетаралық өзара іс-қимыл» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

            Азия кеңесінің экономикалық, экологиялық және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру аясында жекелеген сенім шараларының үйлестірушісі болып табылатын басқа мүше мемлекеттер тиісті бағыттарда тұжырымдамаларды дайындаған: Корей Республикасы – энергетикалық қауіпсіздік, Тәжікстан – туризм, Иран – наркотиктер мен прекурсорларды заңсыз өндіру және айналымға шығаруға қарсы күрес, Ресей – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласында, Түркия – жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру аясындағы сенім шараларын іске асыруға арналған іс-шаралардың жоспарын әзірледі.

 

            Азия кеңесінің Үшінші СІМК-і.

2010 жылы болатын Үшінші АӨСШК-нің Басқосуына дайындық аясында маңызды іс-шаралардың бірі - 2008 жылы 25 тамызда Алматы қаласында өткен ІІІ сыртқы істер министрлерінің отырысы болып табылады. Осы іс-шараға 19 мүше-мемлекетер, 7 бақылаушы-мемлекеттер, 6 халықаралық және өңірлік ұйымдардың делигациялары қатысты. Кездесу барысында Бірлескен тәсілді іс-жүзінде іске асыру мәселесіне ерекше көніл бөлінді.

Қазақстан Президенті АӨСШК Төрағасы ретінде сенім шараларын гуманитарлық, экономикалық, экологиялық және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы жүзеге асырудың басталуын қолдап, әскери-саяси өлшемдердегі ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөнінде нақты жұмысты бастаған орынды және бұл ынтымақтастық болашақта Сенім шаралары каталогының маңызды бір бағыттарына айналуы тиіс, деп атап айтты.

Кездесу жемісті өтті: Кеңестің толық мүшелігіне Иордания, БАӘ қабылданды және АӨСШК-ға Қатар Мемлекеті бақылаушы ретінде қосылды. Кездесу нәтижесінде «АӨСШК-нің сенім шараларын жүзіге асырудағы ілгерілеуі» атты декларация мен Қорытынды шешімдер қабылданды. Азия кеңесі және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Халықаралық Көші-қон Ұйымы секілді халықаралық құрылымдары арасында өзара түсіністік мазмұндамаларына және Азия кеңесі Хатшылығының штаб-пәтерін Алматыдан Астанаға көшірілу көздейтін АӨСШҚ Хатшылығы туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.

 

Сенім шараларын одан әрі жүзеге асыру

 

2009 ж. 20 ақпанда Дели қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) кезекті отырысы өтті.

Қатысушылар АӨСШК АЛТК алдында өткен Арнайы жұмыс тобының отырыстарының тиісті ұсыныстарын қарастырып, мақұлдады.

Кеңесте 2002 жылдан бері төрағалық етіп келе жатқан Қазақстанның мандаты 2010 жылы бітеді. Осыған байланысты 2008 ж. тамызда Алматыдағы 3-ші АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің отырысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл орынға АӨСШК-тің белсенді мүшелерінің бірі Түркия Республикасын сайлауды ұсынған болатын. Бұл екі бауырлас мемлекет арасындағы қатынастардың жоғары деңгейі және түрік тарапының әртүрлі халықаралық, аймақтық бірлестіктерде жинаған мол тәжірибесін ескере отырып жасалған еді.

2009 жылы қаңтар айында мемлекетішілік процедуралардың нәтижесі бойынша Анкара Қазақстанның ұсынысымен келісетіндігін мәлімдеді. Бұл жөнінде Түркия Президенті А.Гүлдің АӨСШК Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың атына жіберген жолдауында айтылған. Түркия АЛТК-тың осы отырысында өз кандидатурасын ресми түрде ұсынды. Ол 2009 жылғы 8 мамырда мүше мемлекеттермен келісілді.

АӨСШК ережесіне сәйкес Кеңеске мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кезекті 3-ші саммиті 2010 жылы осы елде (шамамен маусым айында Стамбул қаласында) өтеді.

Сенім шаралары тізбесін орындау мәселесі де жақсы жүріп жатыр.

Егер бұрын АӨСШК шеңберінде жыл сайын тек 2-3 арнайы шара өткен болса, осы жылы Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Корея Республикасы, Түркия, Иран және Израильде бірнеше кездесулер, семинарлар және форумдар өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, үстіміздегі жыл Кеңесті дамыту кезіндегі ірі табыстарға толы жыл болғалы тұр.

Қазір Қазақстанға «Әскери-саяси тұрғыдан сенім шараларын іске асыру туралы Төрағаның тұжырымдамасы» атты құжатты дайындау міндеті жүктелді. Бұдан кейін осының негізінде барлық мүше мемлекеттердің ортақ позициясын көрсететін «Ортақ ұстаным» құжаты дайындалады.

Экономикалық өлшемдегі туризм бағытының үйлестірушісі (Тәжікстан) дайындаған Ынтымақтастық тұжырымдамасы бекітілді.

Қазақстан адами өлшем бойынша сенім шараларын жүзеге асыру жөніндегі жобаны үйлестірушісі ретінде АӨСШК-ің гуманитарлық саладағы сенім шаралары жоспарын орындау аясында 2009 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын таратты.

Моңғолия экологиялық өлшемнің үйлестірушісі ретінде бекітілді, ал жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы күресуге жауапты Түркия 2009 жылы қараша айында мүше елдердің Полиция мекемелері басшыларының 1-ші кездесуін өз аумағында өткізетіндігін мәлімдеді.

Қатысушылар Кеңес жұмысына қатысты жалпы мәселелерді де қарастырды. Мысалы, кездесуде 2009-2010 жылдарға арналған АӨСШК іс-шараларының күнтізбесі қабылданып, «АӨСШК-ің дамуын зерттеу» сараптамалық материалы бекітілді.

2009 жылғы 27 наурызда Бишкек қаласында АӨСШК шеңберінде «Конфессиялар арасындағы сұхбат – тұрақты қоғамдастыққа жол» атты семинар өтті.

2009 жылғы 1 мамырда Астанада жыл сайынғы Қазақстан халықтары достық фестивалі шеңберінде өтетін Азия кеңесі елдерінің халықтары этно-мәдени бірлестіктерінің форумы өтті.

2009 жылғы 9 маусымда Мәскеу қаласында АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесін Іскерлік мүмкіншіліктеріне жәрдем көрсету және шағын және орта кәсіпорын саласында ақпаратпен алмасу салада іске асыру бойынша Мамандырылған сарапшылар кездесуі  өтті. Кездесу барысында аталған саладағы АӨСШК сенім шаралары бойынша Тұжырымдама мен 2010-2010 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарының жобалары талқыланды.

2009 жылғы 23-24 маусымда Алматы қаласында Азия кеңесінің кезекті АЖТ-нің отырысы өтті. Кездесу барысында мүше-мемлекеттер АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесін экологиялық, экономиқалық және әскери-саяси өлшемдегі іске асыру міселелері, Азия кеңесінің жалпы мәселелері сондай-ақ АӨСШК Хатшылығына қатысты мәселелері талқылады.

Сонымен қатар АЖТ Сауд Арабиясы Корольдігінің Азия Кеңесінің бақылаушы-мемлекеті болуға өтінішін қабылдап, оны АӨСШК АЛТК-ның қарауына тапсырды.

Таиланд Корольдігі АСЕАН-ның аймақтық форумының Төраға ретінде АӨСШК Төрағасымен әскери-саяси және экономикалық өлшемдегі өз көзқарасы және тәжирибесімен алмасуға ниет білдірді.

2009 жылғы 29 қазанда  Бейжін қаласында АӨСШК АЛТК-нің кезекті отырысы болып өтті. Оның алдында АЖТ шеңберінде екі күндік жұмыс өткізілді.

Осы отырыс барысында елеулі іс жүзіндегі жетістіктерге қол жеткізілді. АЛТК шағын және орта бизнес, сондай-ақ туризмді дамыту салаларындағы сенім шараларын орындау жөніндегі Тұжырымдама мен Іс-қимыл жоспарларын мақұлдады.

Тізімдемені іске асыру шеңберінде бірқатар мүше елдер өз аумақтарында іс жүзіндегі келесі іс-шараларды:

Әзірбайжан Республикасы – 2010 жылы қауіпсіз және тиімді көліктік дәліздерді дамыту жөніндегі ынтымақтастық саласындағы сенім шараларын іске асыру бойынша АӨСШК сарапшыларының кездесуін;

Израиль Мемлекеті – 2010 жылғы мамыр айында су ресурстарын басқару/жоғары технологиялардың дамуы мәселелері жөнінде семинар/жұмыс кездесуін;

Түрік Республикасы - 2010 жылғы мамыр айында полиция ведомстволары басшыларының кездесуін өткізу туралы ұсыныстар енгізді.

 АӨСШК Хатшылығының қызметкерлері туралы Ереже және оның 2010 жылға арналған бюджеті бекітілді.

Сонымен қатар, Келісім аясында «АӨСШК аймағындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер және қауіпсіздік проблемалары жөніндегі шолуды» жариялау туралы шешім қабылданды.

Форум барған сайын құрлықта белгілі болып келе жатыр. Оның өңірдегі қажеттілігіне жақында Вьетнамның АӨСШК мүшелігіне кіруге берген (толыққұқылы мүше ретінде) өтінімі дәлел бола алады. Аталған өтінім АЛТК-ның өткен отырысында алдын ала мақұлданды.

АЛТК кездесуінің басты қорытындысы деп, әскери-саяси өлшем мәселелері жөнінде АӨСШК-дегі қазақстандық төрағалықтың  Тұжырымдық көзқарасын приниципті түрде мақұлдауын атап өтуге болады. Ол осы басымды салада одан әрі дайындалатын Тұжырымдама мен Іс-қимыл жоспарының негізіне алынады.

2010 ж. 18 қаңтарда Бангкок қаласында Қазақстан (АӨСШК-нің қазіргі төрағасы), Түркия (АӨСШК-нің келесі төрағасы) және Таиланд (АСЕАН мен  Өңірлік форумының төрағасы) өкілдерінің қатысуымен үшжақты келіссөздер өтті. Олардың күн тәртібінде АСЕАН-ның тәжірибесін пайдаланып, АӨСШК-ның әскери-саяси өлшемін дамыту негізгі мәселе  болып табылды.

2010 ж. 23 қантарда Алматы қаласында АӨСШК АЛТК-ның келесі мәжілісі өтті. Кездесу барысында бүкіл Азия құрлығында қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға бағытталған әскери-саяси, экономика және экология салаларындағы шаралар жиынтығы талқыланды. АӨСШК-ның артықшылықтар мен иммунитеттер туралы Конвенциясы, энергетикалық және ақпараттық қауіпсіздік бойынша Іс-қимылдар жоспарлары мен Тұжырымдамалар  қарастырылды.

АЛТК отырысы нәтижесінде Энергетикалық қауіпсіздік саласындағы сенім шараларын іске асыруы бойынша Іс-қимылдар жоспары мен Тұжырымдама бекітілді. Таиланд Королдігі Азия кеңесі бизнес-форумын 2010 ж. қыркүйекте Бангкок қаласында өтетіндігін хабарлады.   

2010 ж. 12 наурызда Баку қаласында АӨСШК АЛТК отырысы өтті.

            АЛТК-ің кезекті отырысы 2010 ж. 7-9 маусымда Стамбұлда өтетін  АӨСШК елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының үшінші саммитін дайындау және өткізу мәселелерін талқылауға арналды.

Кездесу барысында жаңа қауіп-қатерлерге байланысты сұрақтар, экономика және экология өлшемдеріндегі іс-шаралар жиынтығы талкыланды. Отырысқа қатысушылар кезекті рет АӨСШК Артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенциясының жобасын талқылады.

Осы отырыстың ерекшелігі ретінде Қазақстанның – Кеңестің қазіргі уақыттағы төрағасы дәрежесінде басты саяси құжаты - АӨСШК 3-ші Саммитінің Декларациясын жобасын таныстыру мен ол бойынша Кеңеске мүше мемлекеттер арасында келіссөздер мен пікірталастың өтуі болды. Бұған қоса, Түрік Республикасы, Кеңес шеңберінде алдағы екі жылда ынтымақтастықтың негізгі басымшылықтары мен бағыттары енгізілген Кеңестің келешек төрағасы АӨСШК-де ретінде өзінің төрағалығының концепциясын ұсынды. 

АӨСШК мүше мемлекеттері Ирак Республикасының Азия кеңесіне толыққанды мүше ретінде қосылуы мәселесін қарастырып, оны ү.ж. 31 наурызға дейін үндемей қалу процедурасы бойынша келесуге уағдаласты (бір де бір АӨСШК мүше мемлекетті қарсылық білдірген жоқ). Ақпараттық технологиялар саласындағы сенім шараларын іске асыруы бойынша  Тұжырымдаманы да ү.ж. 10 сәуірге дейін үндемей қалу процедурасы арқылы қабылдауға келісті (аталған жоба бойынша АӨСШК мүше мемлекеттері қарсылық білдірген жоқ,  сондықтан ол 2010 ж. 10 сәуірден бастап АЛТКмен бекітілген болып саналады).

2010 ж. 23-24 сәуірде Алматы қаласында АӨСШК АЛТК-ның келесі отырыстары өтті. АЛТК отырысы барысында Үшінші Саммиттің қорытынды құжаттары - Конвенция мен Декларацияның жобалары қарастырылды. Нәтижесінде, АӨСШК-нің Хатшылығы, оның персоналының және мүше-мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияның жобасы шартты ретінде мақұлданды. Азия кеңесі артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияның қабылдануымен Форум институционализациясының негізгі белесі аяқталады. Комитет сондай-ақ Декларацияның айтарлықтай бөлігін тәмамдады. Осы жоспар Комитеттің келесі отырысында түбегейлі түрде әзірленетін болмақ.

Отырыстар барысында Кеңестің ең басты сұрақтарының бірі болып табылатын сенім шараларын іске асыру мәселесін талқылау үдерісі жалғастырылды. Комитет есірткілерге қарсы күрес саласындағы (үйлестіруші – Иран) және экология өлшеміндегі ынтымақтастығы бойынша (үйлестіруші – Моңғолия) тұжырымдамалар және іс-қимыл жоспарлар әзірлеу бойынша қорытынды сатыға жақындады. Бұдан басқа, Комитет осындай құжаттарды ақпараттық технологиялар саласында табысты түрде қабылдады. Олар Корей Республикасы тарапынан үйлестіруші-мемлекет ретінде әзірленген болатын.

Азия кеңесінің Үшінші Басқосуы. Ү.ж. 8-ші маусымда Стамбұл қаласында АӨСШК мүше-елдерінің мемлекет пен үкімет басшыларының   3-ші Саммиті өтті. Саммит бірінші рет Қазақстаннан тыс жерде ұйымдастырылды. Осы кездесудің барысында төрағалық Кеңестің тарихында бірінші рет Қазақстаннан Түркия Республикасына табыс етілді.

Саммитке 9 мемлекет пен үкімет басшылары, 6 вице-президент, парламент спикері, вице-премьер, 14 министр және арнайы өкілдері, сондай-ақ 16 халықаралық ұйымның басшылары қатысты.

Бұл басқосудың негізгі ерекшелігі Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы болып табылды. Еуропалық ұйымның аясында ү.ж. 7-ші маусымында Стамбұл қаласында «ХХІ ғасырдағы Еуразия кеңестігіндегі экономика және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында арнайы іс-шара өтті. Оған ЕҚЫҰ-ның сыртқы саяси ведомстволарының, ЕҚЫҰ-ның Азиялық әріптес елдерінің және АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің басшылары қатысты. Айта кетерлік жайт, ЕҚЫҰ мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан бұл іс-шараның пайдасы зор болып табылады.

Ұзақ және күрделі келіссөздердің нәтижесінде Саммит Декларациясы қабылданды. Онда мүше мемлекеттер өңірлік мәселелермен (Таяу Шығыс, Ауғанстан, Ирак) қатар бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық даму және мәдениет саласындағы көкейкесті мәселелерді де көтерді. АӨСШК үдерісінің елеулі жетістігі ретінде Палестина мемлекетін құру жөніндегі келіссөздерді қайтадан жаңғырту қажеттілігі туралы қағидаттың енгізілуін ерекше атап өтуге болады.

АӨСШК-нің Хатшылығы, оның персоналының және мүше-мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияға қол қойылуы Саммиттің зор жетістігі болып, Кеңестің негізгі институттану кезеңінің аяқталғандығын көрсетеді.

Вьетнам мен Ирактың толыққанды мүшелікке өтуі және Бангладештің Кеңеске бақылаушы ретінде кіруі Форумға қатысушы мемлекеттердің санын 29-ға (22 мүше, 7 бақылаушы) жеткізді. Бұл Кеңеске Азия елдерінің басым көпшілігі қатысқандығының айқын айғағы болып отыр (І-ші Саммитке 14 мүше мемлекет қатысқан болатын).

Осыған орай, АӨСШК ІІІ Саммиті Қазақстанның және оның көшбасшысының халықаралық беделін одан әрі арттыруға үлкен үлес қосты.

Қосымша

 

Азия Кеңесі аясындағы тиісті Сенім шаралары бағыттарын жүзеге асыру бойынша үйлестіруші және тең  үйлестіруші мемлекеттерінің тізімі

Тиісті Сенім шаралары бағыттарын жүзеге асыру жобалары

Үйлестіруші

Тең үйлестіруші

1.

Көлік дәліздерінің қауіпсіз және тиімді жүйлерін дамыту жөніндегі ынтымақтастық

Әзербайжан

Үндістан

2.

Есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес

Иран

Ауғанстан

3.

Табиғи апаттарды басқару

Иран

 

4.

Адами өлшем

Қазақстан

Қырғызстан

5.

Ақпараттық технологиялар

Корей Республикасы

 

6.

Энергетикалық қауіпсіздік

Корей Республикасы

Үндістан

7.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Ресей

Таиланд

8.

Туризм

Тәжікстан

 

9.

Жаңа қауіп-қатерлерге қарсы күресу

Түркия

Ауғанстан

10.

Экологиялық өлшем

Монғолия

 

 

 

Жарияланған күні: 2010-06-18

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС