ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҒАЛАМДЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК



ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ

 

            Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін құрылған «Шанхай бестігі» тетігінің негізінде 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылды.

            2002 жылғы 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес Ұйымның негізгі мақсаттары: өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау.

            Қазіргі кездегі ШЫҰ мүшелері: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан. ШЫҰ жанындағы бақылаушы статусына ие елдер: Монғолия (2004 жылдан бастап), Үндістан, Иран және Пәкістан (2005 жылдан бастап). 2009 жылы маусымда Екатеринбургте өткен саммиттте қабылданған шешім бойынша Белоруссия мен Шри-Ланка сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне ие болды.

            Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қандай да бір елге қарсы бағытталған әскери блок емес және жабық альянс та емес, ол кең халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған құрамы кеңейтілуі мүмкін ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі кездегі негізгі мақсаттары: өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық мен қауіпсіздікті қолдау, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.

            ШЫҰ жоғары органы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшыларының кеңесі болып табылады. Кеңес басымдылықтарды белгілеп, Ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, оның ішкі құрылымы мен жұмыс істеу негізгі мәселелерін шешеді, басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді, сонымен қатар халықаралық өзекті мәселелерді қарастырады.

            Кеңес жылына бір рет жиналады. Мемлекет басшыларының кеңесін ұйымдастырған мемлекет басшысы мемлекет басшыларының кеңесінің отырысында төрағалық етеді. Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысының өтетін жері, әдетте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет атауларының орыс алфавитінің ретіне сәйкес белгіленеді.

            ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі (премьер-министрлер) Ұйым шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі мәселлерін қарайды және шешеді, Ұйым бюджетін қабылдайды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Ұйымының ағымдағы қызметінің, мемлекет басшыларының кеңесінің отырысына дайындық, халықаралық проблемалар бойынша Ұйым шеңберінде консультациялар өткізу мәселелерін қарайды. Қажет жағдайда Кеңес ШЫҰ атынан мәлімдеме жасай алады.

            ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің министрліктері мен ведомстволары басшыларының кеңесі өзара ықпалдастықтың нақты салаларындағы ынтымақтастық мәселлерін қарайды. Сыртқы экономикалық және сауда қызметі, көлік, білім беру, мәдениет, қорғаныс және төтенше жағдайларға жауапты министрлер жүйелері бойынша үйлестіру тетіктері жұмыс істейді.

            ШЫҰ шеңберінде Қауіпсіздік кеңесінің хатшыларының, бас прокурорлардың, жоғарғы соттардың кездесулері тұрақты түрде өткізіледі. 2006 жылы парламенттер спикерлерінің кездесуі өтті.

            ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі – Ұйымның ағымдағы қызметін үйлестіруді және басқаруды жүзеге асыратын орган. Кеңес Мемлекет басшыларының кеңесіне, Үкімет басшыларының кеңесі мен Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне дайындық жұмыстарын жүргізеді. Кезекті мемлекет басшыларының кеңесі өтетін елдің ұлттық үйлестірушісі Кеңесте төрағалық етеді. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдары Пекиндегі Ұйым Хатшылығы мен Ташкенттегі Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы комитеті ұйым алдындағы негізгі міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады.. Муратбек Иманалиев(Қырғызстан өкілі) 2010 жылдың қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы, ал Дженисбек Джуманбеков(Қазақстан өкілі)- АТҚҚ атқарушы комитетінің директоры.

            ШЫҰ Бас хатшысы мен АТҚҚ атқарушы комитетінің директоры мүше мемлекеттердің азаматтары қатарынан ротация негізінде мемлекеттің атауы бойынша орыс алфавитінің тәртібі бойынша 3 жылға, әрі қарай ұзарту құқығынсыз сайланады.

            Қалыптасқан тәжірибе бойынша Ұйымға төрағалық 1 жылдық кезең ішінде жүзеге асырылады, кезекті саммит аяқталғаннан кейін басталып, төрағалық етуші мемлекеттің аумағында ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының кезекті отырысын өткізумен аяқталады. 2010 жылы 10-11 маусымдағы Ташкентте өткен саммитке дейін Ұйымға Өзбекстан төрағалық етті. 2010 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін ШЫҰ-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.

 

2011 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы онжылдығының Астана декларациясы

ШЫҰ Бас хатшысы
ШЫҰ ӨТҚҚ АК-нің директоры

The documents adopted at the Council of the Heads of the Member States of the Shanghai Cooperation Organization commemorating the 10th anniversary of the SCO in Astana on June 15, 2011

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС