ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ IСТЕР МИНИСТРЛIГIНIҢ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ КОМИТЕТI  

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң

Халықаралық ақпарат комитетi туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының имиджiн нығайту және шет елдерде оның жетiстiктерi туралы ақпарат тарату мәселелерi жөнiнде арнайы іске асырушы және бақылаушы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлік) ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң сипатты имиджін қалыптастыру, көтеру және нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мен Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ осы мақсаттардағы өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату.

2. Комитет өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жауапты хатшысының    2010 жылғы 9 тамыздағы № 08-1-1-1/274 бұйрығына сәйкес алынып тасталды.

4. Комитет штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің (бұдан әрi - Министр) келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысымен бекiтіледi.

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жауапты хатшысының    2010 жылғы 9 тамыздағы № 08-1-1-1/274 бұйрығына сәйкес алынып тасталды.

6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жауапты хатшысының    2010 жылғы 9 тамыздағы № 08-1-1-1/274 бұйрығына сәйкес алынып тасталды.

7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жауапты хатшысының    2010 жылғы 9 тамыздағы № 08-1-1-1/274 бұйрығына сәйкес алынып тасталды.

8. Комитеттiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi» мемлекеттiк мекемесi.

Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

 

9. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) шет елдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, елдің әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын халықаралық жағдай және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты туралы хабардар ету;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң сипатты имиджiн қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған тұжырымдамаларды, мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалар мен жобаларды iске асыру;

4) Қазақстан Республикасының оң сипатты имиджiн қалыптастыру мақсатында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

5) мемлекетiмiздiң оң сипатты имиджiн қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен, талдамалық орталықтармен, әлемдік рейтингтiк агенттiктерімен өзара iс-қимыл жасау;

6) өзінің құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асыру;

7) өз құзыретiнiң шеңберінде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау, мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету;

8) Қазақстан Республикасының шетелдегі жағымды имиджін қалыптастыруға және нығайтуға қатысты мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, мемлекеттің үлесі бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін үйлестіру мен оған бақылау жасау;

9) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің ақпараттық-насихаттық және имидждік жұмыстарын жүзеге асыруына қатысты қызметін үйлестіру мен оған бақылау жасау;

10) Қазақстан Республикасының шетелдегі жағымды имиджін нығайту мақсатында имидждік материалдар мен өнімдер дайындау;

11) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистерін тіркеу және Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті органдарымен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдіктері мен олардың журналистерін тіркеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

10. Комитет негiзгi мiндетін iске асыру мен өз функцияларын жүзеге асыру үшiн:

1) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

2) Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға әдiстемелiк көмек көрсетуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды, сондай-ақ басқа да мәлiметтердi сұратуға және алуға;

4) сараптамалық жұмыстар мен консультацияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, соның iшiнде шетелдiң мамандары мен сарапшыларын тартуға;

5) өз құзыретi шегінде халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге;

6) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткiзуге, сондай-ақ халықаралық конференциялар мен кеңестердің жұмысына қатысуға және Қазақстан Республикасынның атынан өкілдік етуге;

7) Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша баспа қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

 

11. Комитеттің құрылымына:

1) Ақпарат басқармасы;

2) Имидждік жұмыс басқармасы;

3) Баспасөз қызметі (басқармасы) кіреді;

4) Қазақстан Республикасы шетел мекемелерінің имидждік жобаларын жүзеге асыру басқармасы.

12. Комитеттi Мемлекеттік хатшы – Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.

Комитет Төрағасының ұсынысы және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысымен (бұдан әрi – Жауапты хатшы) келiсу бойынша Мемлекеттік хатшы – Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының екі орынбасары болады.

13. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық етеді және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.

14. Осы мақсаттарда Комитеттiң төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) Жалпы басшылықты және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнің қызметтерін үйлестіруді жүзеге асырады;

2) Комитет персоналының міндеттері мен өкiлеттiктерiн белгілейді;

3) Комитеттің жұмысын жоспарлайды;

4) Жауапты хатшыға Комитет персоналын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру бойынша ұсыныстар енгізеді;

5) Жауапты хатшыға Комитет персоналын көтермелеу және оларға жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

6) Мемлекеттік хатшы – Министрге Комитет қызметкерлеріне дипломатиялық дәрежелер беру туралы ұсыныстар енгізеді;

7) Штат саны лимитінің шегінде Комитет құрылымы бойынша Министрліктің басшылығына ұсыныстар енгізеді;

8) Министрлік Алқасының мәжілістері мен Министрлік басшылығы өткізетін басқа да кеңестерге қатысады;

9) Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелердің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, осы өкілдермен Комитет қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктері, консулдық мекемелері өткізетін протоколдық іс-шараларға қызметкерлердің қатысуын реттейді;

10) Комитет қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіптерін сақтауын, тапсырмаларды уақытында және сапалы орындауын бақылайды;

11) Комитеттен шығатын қызметтік хат-хабарларға қол қояды;

12) Комитет персоналының еңбек демалысына шығу кестесін белгілейді;

13) Министрліктің басшылығына Комитет қызметкерлерінің еңбек жағдайын және материалдық-техникалық жағдайларын жақсарту туралы ұсыныстар енгізеді;

14) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;

15) Министрлік басшылығының нұсқауымен өзге де тапсырмаларды орындайды.

15. Комитет төрағасы болмаған кезде оның қызметтік міндеттерін Комитет төрағасының орынбасары атқарады.

16. Басқармаларды Мемлекеттік хатшы – Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастықтар басқарады.

17. Комитеттің жұмысын ұйымдастыру, бақылау және қамтамасыз ету әрбір қызметкердің орындайтын тапсырманың сапасы мен мерзімі үшін дербес жауап беру принципіне құрылады.

4. Тарау

 

            Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жауапты хатшысының    2010 жылғы 9 тамыздағы № 08-1-1-1/274 бұйрығына сәйкес алынып тасталды.

 

5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

 

            21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС