ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



Қазақстан Республикасының 2011ж. қаңтар-желтоқсан аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 

 

Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсімі 7,1% құрады

 

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2011 ж. қаңтар-желтоқсанында 2010 ж. қаңтар-желтоқсанына қарағанда 107,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдік үшін жүзеге асырылады және негізгі салалар бойынша шығару индексінің өзгеріп отыруына негізделеді: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс, олар ЖІӨ-нің 67-68% құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2011ж. қаңтар-желтоқсанында 4985,9 млрд. тенгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда, 2,4%-ға көп.

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 15657,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,5%-ға көп. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерден кен өндірудегі өндіріс 1,3%-ға өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 6,2%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялау 7,4%-ға, сумен жабдықтау, су құбырлары жүйесі, қалдықтарды жинау мен үлестіруді бақылау 4%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін (қызметтер) шығарудың жалпы көлемі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2256,6 млрд. тенгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 26,7%-ға көп.

Жүк айналымының көлемі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 444,4 млрд. ткм. құрап (коммерциялық тасымалмен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымының көлемін бағалауды ескергенде), 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға өсті.

Бөлшек сауда көлемі есеп беру кезеңінде 3673,2 млрд. теңгені құрап (қоғамдық тамақтану айналымын есепке алмағанда), 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 12,5%-ға ұлғайды.

Көтерме сауда көлемі есепті кезеңде 10003,6 млрд. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 15,5%-ға өсті.

Азық-түлік тауарлары мен сусындармен қамтамасыз ету қызметтерінің көлемі есепті кезеңде 172,6 млрд. тенгені құрап, 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 15,7%-ға өсті.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2011 жылғы қаңтар-қарашада 113197,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2010 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 41,8%-ға өсті, оның ішінде экспорт – 79820,8 млн. АҚШ долл. (51,7%-ға көп), импорт – 33376,8 млн. АҚШ долл. (22,6%-ға көп).

Экспорт көлемінің импортқа қарағанда озық өсімі, сонымен қатар, экспорт бағаларының импорт бағаларымен салыстырғанда айтарлықтай өсуі Қазақстан үшін сыртқы сауда конъюнктурасының жақсарғанын білдіреді, ал бұл елдің Төлем балансын біршама жақсартады.

Тіркелген заңды тұлғалардың саны 2012ж. 1 қаңтарына қарай 301372 бірлікті құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5%-ға ұлғайды, соның ішінде 284888 бірлікте жұмыскерлер саны 50 адамнан аз. Қызмет етуші заңды тұлғалар саны 177584 құрады, олардың арасында шағын кәсіпорындар 162257 бірлікті құрайды. Шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) республикада 216486 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға ұлғайды.

Шағын және ірі кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі 2011ж. ІІI тоқсаны ішінде 1818,8 млрд. тенге сомасындағы кіріс ретінде анықталды, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 53,6%-ға жоғары. Рентабельдік деңгейі 33,4%-ды құрады. Есеп бергендердің жалпы саны ішінде шығыны көп кәсіпкерліктердің үлесі 33,6%-ды құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы желтоқсанда 2010 жылдың желтоқсанына қарағанда 107,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 9,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағалары – 5,3%-ға және ақылы қызметтер бағалары 7,3%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2011 жылғы желтоқсанда 2010 жылғы желтоқсанға қарағанда 20,3%-ға өсті.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары бағалау бойынша 2011 жылғы қарашада 46597 теңгені құрады. Өсім 2010 жылғы қарашамен салыстырғанда номиналды ақшалай табыстар бойынша 15,2%-ды, нақты ақшалай табыстар бойынша – 6,9%-ды құрады.

Қызметкерлерге есептелген орташа айлық номиналды жалақы 2011 жылғы қарашада 91793 теңгені құрады. 2010ж. қарашадағы өсім 18,6%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 2010ж. қарашада 110,1%-ды құрады.

2011 жылғы желтоқсанда бағалау бойынша жұмыссыздар саны 479,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,4%-ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2011 жылғы желтоқсанның соңына қарай 36,6 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады.

 

 

 Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің баспасөз-қызметі

2010 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
2009 жылғы қаңтар-сәуірге ҚР әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
2008 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
 
Толық ақпарат осы сілтеме бойынша:  www.stat.kz

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС