|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
«Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумында сөйлеген сөзінен
Мемлекеттік қызметші мынадай этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс: Ол билік ете және өкілеттік ете білуге және сонымен бірге адал болуға тиіс. Мемлекеттік қызметте жеке басының баюы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеу керек, мемлекет қаржысын өзінің қалтасымен шатастырмау керек. Мемлекеттік қызметші «Ненің арқасында тіршілік етіп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі қажет, себебі оның виллаларының, солардың жанындағы биік қоршаулардың және қымбат шетелдік автокөліктерінің суреттері табылуына негіздеме болмауға тиіс. Заңдардың талаптарымен толық келісімде өмір сүру маңызды. Кез келген мансапта, кез келген лауазымда қандай жағдайда болмасын халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтпайтындай жұмыс істеуі қажет. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, байсалдылықтың үлгісі болуға, жұрт арасында өзін ұстай білуге тиіс. Ұжымды басқармас бұрын ол өзі бағынуды үйренуі, өз қызметкерлерінен талап ететін нәрсені ең алдымен өзі орындай білуі керек. Мемлекет мүддесіне залал келіп жатқанын немесе жемқорлық іс-әрекет даярланып жатқанын көрсең, тез арада араласып, шаралар қабылдауың қажет.
|
 |