Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы
№ 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 57 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 21-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір Төреқұлов атындағы медаль;
2) «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы;
3) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары болып табылады деп белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) дипломатиялық қызметтің ведомстволық наградаларының сипаттамасы мен үлгілері;
2) «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір Төреқұлов атындағы медальға қоса берілетін куәліктің сипаттамасы мен үлгісі бекітілсін.»;
осы қаулыға қоса беріліп отырған 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов